- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 2113
2018 жылдың 14 маусымында сағат 11.00-де Қарағанды қаласының оқырмандарына арналған дәстүрлі "Жазғы Оқу қаласы"жобасы жұмыс жасауын бастайды.
"Жазғы Оқу қаласын" Әлиханов көшесі бойындағы, білім басқармасына қарсы саябақта, 23 тамызынан дейін аптасына екі рет сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 11.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс жасайды. Оқырмандар үшін оқуды қолдауға арналған әртүрлі викториналар мен акциялар өткізіледі.
Барлығыңызды табиғат аясында әлемдік көркем әдебиеттердің үздік үлгілерімен сусындауға, көптеген қызықты мағлұматтар білуге және жаңа достар табуға мүмкіндік беретін "Жазғы Оқу қаласына" шақырамыз.
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 2638
Ежелден еркіндікпен өмір сүріп, еңселі ел болуды әр уақытта айбар еткен бабаларымыз "Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас" дегенді айтқан еді. Ал сол егемендіктің ең басты нышандары, Тәуелсіздікті білдіретін мемлекеттің ұлы рәміздері болатын.
Рәміздеріміз сарқылмас қазына, асыл мұра болып табылады. Біздің мемлекетіміздің рәміздері – Ту, Елтаңба, Әнұран. Олардың әрқайсысының мәні, өз орны, тарихы бар.
1992 жылғы маусым айының 4 жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 2146
Тар жерде табысқандардың ұрпағы – кең жерде келісіп, бүгін тағдыры бір Қазақстан халқы деген ұлы елге айналды. Бейбітшіліктің бесігі атанып, бүкіл әлемге танылды. Қазақ елі төрт тарапты түгел мойындатып, өсіп – өркендеу жолына түсті.
XX ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Халқымыздың тарихында мерейі тасыған мәртебелі дәуірлерімен қатар, "тар жол тайғақ кешкен" қиын кезеңдердің де аз болмағаны ащы ақиқат. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қабылдауымен 1997 жылдың 5
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 2294
"Шын мәнінде сабы да, қын-қынабы да алтын, жүзі де алмастай қылшылдаған өткір, халқымыздың нелер бір асыл семсерлерін, көктемнің ағын суы мен жазғы жаңбыр тамшысындай, халықтың маңдайынан жалт етіп шыққан жарық жұлдызындай" деп жазушы Ж.Бектұров айтқандай, тарихымыздан сүбелі орын алатын қасиетті де, тұлғалы, қажырлы көш алды тобындағылардың бірі біздің жерлесіміз – Жанайдар Сәдуақасовтың 120 жылдығы тойлануда.
Ж.Сәдуақасовтың өмірі мен қызметі аса күрделі тарихи үдерістермен және саяси оқиғалармен сабақтасып, өрбігендіктен, жаңаша зерделеу мен
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1328
Биылғы жылдағы ауа райы күн сәулесін шашқан шуақты күндерімен бізді қуантпаса да, күнтізбеде маусым айы, көп күткен жаздың алғашқы айы екенін сездіртеді. Жыл сайын кітапхананың жазғы маусымында "Жазғы Оқу қаласы" ашылады және "Кітапханадағы жаз" бағдарламасы бойынша ашылған балаларға арналған үйірмелер мен клубтар қайта жұмысын бастайды. Үлкендер мен балаларды біздің алаңдарға шақырамыз!