Фильтр

Қаламы қарымды жазушы:жазушы Әкім Таразидің  90 жылдығына арналған библиографиялық жадынама / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ; құраст. Г.С.Мухамбетчина. – Қарағанды, 2023. –15 б.

Қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті өкілі, жазушы, драматург, кинодраматург Әкім Тарази бүгінде мерейлі 90 жасқа толуда.

Қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков пікіріне сүйенсек, Әкім Тарази – ақиқатты бүкпесіз, ашық айтудан айнымаған, жалтақтауды, жалпақтауды білмейтін, дақпыртты, даурыққанды, желпініп - желіккенді жақтырмайтын, өзімен-өзі оңаша болғанды ұнататын; шығармашылық өнерге аса жауапкершілікпен қарайтын дара суреткер. Жамбылдың қызыл жолбарысы секілді көзге

...

Бүгін 15 қыркүйек күні таңертең кітапханада мерекелік көңіл-күй орнады. «KitapTime-2023» кітап фестивалінің салтанатты ашылуына кітапхана оқырмандары, ҚЭУ Қарағанды экономика, бизнес және құқық колледжінің студенттері, М. Жұмабаев және С. Сейфуллин атындағы гимназия оқушылары, А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері қатысты. кітапхана алаңдарында кітаптар керуені, әдеби вернисаж, әдеби подиум, шеберлік сағаты, кітап басқатырғышы, білім аукциондары, BookCrossing алаңы

...

2023 жылдың 12 қыркүйегінде кітапханамызда Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің студентері және мемлекеттік қызметкерлерінің жас мамандармен ҚР ПҒА мүше-корреспондеті, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессоры Түркенов Талғат Қуанышұлы Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ» атты  Қазақстан халқына Жолдауын талқылап және түсіндіру бағытында кездесу өтті.

Жолдаудағы еліміздің экономикалық дамуына басымдық беріп, оның ішінде инвестиция көлемін арттыру, мемлекеттік тапсырыс жүйесін ретке келтіру,

...

15 қыркүйек күні сағат 11.00 – 19.00 аралығында Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облысының әмбебап ғылыми кітапханасы алаңында Қазақстанның барлық өңірлерімен бірге Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Ұлттық академиялық кітапхананың бастамасымен ұйымдастырылған екінші жалпы республикалық «KitapTime-2023» кітап фестивалінің салтанатты ашылуы өтеді.

Фестивальдің мақсаты: кітап пен кітап оқуға деген қызығушылыққа қолдау көрсету, қоғамның мәдени құндылықтары мен зияткерлік потенциалын арттыру болып табылады.

...

Құрметті оқырмандар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке - Білім күнімен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін. Президентіміз Қ. Тоқаев атап өткендей, цифрлық дәуірдегі жаңа білім мен дағдылар жаңа буынның болашақ табысының кілті болып табылады. Бүгінде еліміздегі барлық білім ордасы оқушылар мен студенттерге есігін айқара ашты. Біздің кітапханамызда баршаңызды қуана күтеді. Назарларыңызға білім күніне арналған «Терең білім – тәуелсіздігімдің тірегі» атты кітап көрмесін

...