- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1942
18 шілде күні «Кітапханадағы жаз» акциясы аясында кітапхананың конферец-залында латынша Q әрпіне сурет салу шығармашылық дамыту конкурсы өткізілді.
Конкурстың мақсаты: сурет салу және латын әліпбиіндегі Q әрпін оқырман қауымға насихаттау. Конкурсқа Қарағанды қаласының №92 гимназиясының 5-12 жас аралығындағы балалары қатысты. Латын әліпбиіндегі Q әрпін пайдаланып, конкурс қатысушылары Қарағанды қаласының табиғатын негізге ала отырып, өз ойларынан суреттер салды. Сурет салуда әр қатысушының қиялы жоғары екендігін анықтау қиын емес. Себебі, балалардың шеберліктері жан
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1643
Жаз, әсіресе шілде айы – еңбек демалысымен, шуақты күндерімен және көтеріңкі көңіл-күймен қуантатын мезгіл.
"Жазғы оқу қаласы" және "Кітапханадағы жаз" бағдарламалары жалғасуда. Жоспарлы жұмыстар: дөңгелек үстелдер, әңгімелесу және шолу өткізілуде. Жексенбі күндері филофонистер клубы – винилді күйтабақтар, грамжазбалар жинаушылармен отырыстар өтеді.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 2518
Қазақстанда алғаш рет 2007 жылы бастау алған республикалық "Бір ел – бір кітап" акциясына 2018 жылға үш бірдей кітап: Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Бауыржан Момышұлы "Ұшқан ұя" және Немат Келімбетовтің "Үміт үзгім келмейді" атты хикаят – монологы таңдалынып, көпшілік оқырман назарына ұсынылған болатын. Бұл кітаптар қалың оқырманға жыл бойы насихатталуда.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 2257
Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың болашақ ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік, - деген еді Ғабит Мүсірепов.
2018 жылдың 14 маусымы күні Қарағанды облыстық Н.В. Гоголь атындағы әмбебап ғылымы кітапханасының ұйымдастыруымен алтыншы мәрте өткізіліп отырған "Жазғы Оқу қаласы" жобасы жыл сайынғы жұмысын бастады. Кітап оқуға деген қоғамның қызығушылығын арттыратын бұл шара - қала тұрғындары үшін кітап оқуға қолайлы мүмкіндік тудырды. Балалардың жаз мезгіліндегі бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында жұмыс істейтін болады.
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 6857
Балалар мен ата-аналар назарына!!!
Жаз мезгілі келді, әдеттегідей ата-аналардың алдында балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, жаз мезгілін қызықты өткізу, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, білімдерін тереңдету сынды мәселелері туындайды. Осы уақытта Сіздерге Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасының қызметкерлері көмекке келеді.
Жаз мезгілінде бос уақытын қызықты да пайдалы өткізуге әр жастағы балаларды кітапханаға шақырамыз.