Фильтр

Өнер туралы әдебиеттер бөлімі шақырады!

2019 жылдың 13 ақпан күні сағат 11.00-де кітапханамызда: "Сүйікті қалама сүйсіне қараймын!"атты шығармашылық кеш өтеді. Аталмыш шара Елбасының 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауына байланысты және Қарағанды қаласының 85 жылдық мерейтойына арналады.

Шығармашылық кешімізге "Нұр-Әсем" сән үйінің дизайнері Н. Рыскулованың жаңа топтамасы мен "Үкілім" бастамасының қолөнер шебері Г. Кульмагамбетованың бұйымдары көрсетіліп, қаламыздағы өнер ордаларының: Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің, сонымен қатар, облыстық Бейнелеу өнер мұражайының қала өркендеуіне елеулі үлес қосып

...

Қарағанды облыстық кітапхананың жұмысы күнделікті ақпараттың және жаңалық­тың алаңы ретінде оқырмандарға қалтқысыз қыз­мет ету аясын кеңейту жолдарын іздес­тіріп, әрбір қазақстандық азамат­тың рухани өсуіне мол үлес қосып, рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыруда аянбай еңбек етуде. Сондай жұмыстардың жалғасы ретінде кітапханада "Рухани жаңғыру және Ұлы даланың жеті қыры" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Қыстың соңы, жылдың ең қысқа айы ақпан айы да келіп жетті. Бұл ай қысқа болғанымен, ол дәстүр бойынша әртүрлі кітапханалық іс-шараларға толы.

10 ақпанда Қарағанды қаласы өзінің 85 жылдығын атап өтеді. Қала мерейтойы аясында кітапханада қарағандылық жазушылармен, әншілермен және музыканттармен шығармашылық кездесулер өтеді. Поэтикалық  интернет-диалогта  сүйікті қаламыз туралы өлеңдер шырқалады, Қарағанды қаласының тарихы мен қазіргі заманымен таныстыратын кітап көрмелері, шолулар, кітап көрмелері өтеді.

...

Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Рухани жаңғыру және Ұлы даланың жеті қыры" тақырыбында 2019 жылдың 1 ақпан күні сағат 15.00.-де дөңгелек үстел өтеді.

Шара барысында оқырман қауымға "Өнегелі өмір" сериясымен жарық көрген Қарағанды ғалымдарына арналған естелік кітаптардың, "Алаш қозғалысының тарихы", "Eurasian Book Fair - 2018" халықаралық көрмесінде ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған 5-7 сынып оқушыларына екі тілде арнайы құрастырылған "Өлкетану", "Краеведение" атты жаңа кітаптарының таныстырылымы болады.

...

2019 жылдың 29 қаңтар күні Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ақын, жазушы, "Жазу", "Фәни-құс", "Қарға", "Құс қайтару" кітаптарының авторы, "Қасым" журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Серік Сағынтайдың "Құс жолына бір көшім тіреледі..." атты жастармен кездесу кеші өтті.