- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 2903
Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітаптың ішіндегі әлемге жан беретін – ол әрине оқырмандар. Ойы зерек, қиялы ұшқыр оқырман ғана әр тараптан жыл құсындай қуаныш жетелеп келетін кітаптардың патшалығында сайран құра алады. Дәл осындай жанға айнала білген кітапханамыздың айнымас досы, тұрақты оқырманы – Марат Азбанбаев.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 3426
Қазақ тілін латын графикасына негізделген әліпбиге көшіру – аса маңызды, ірі мемлекеттік мәселе. Сондықтан әліпби енгізуге байланысты шаралар мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтиды. Тарихи тұрғыдан латын графикасына негізделген әліпбиімізге қайта оралу арқылы әлем елдерімен, соның ішінде түбі бір түркі халықтарымен әдеби, мәдени және тарихи қатынасты нығайту ұлттық тіліміздің халықаралық деңгейінің артуына ықпал етеді. "Ойнайық, ойлайық" тақырыбында 2019 жылдың 22 ақпанында № 65 ЖББОМ 6 "в" – сыныбында ойын – сабақ өтті.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 5739
Ақпан айының 25 күні Қарағанды гуманитарлық колледжіне ақын, қоғам және мемлекет қайраткері, қазақтың біртуар ұлы Сәкен (Садуақас) Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай "Әділдік жолын іздеп қуған едім..." атты әдеби сағаты өтті. Мақсаты дауылпаз ақын, ірі қоғам және мемлекет қайраткері Сәкеннің өмірі, шығармашылық жолы,қайтпас қайсар күрескердің қоғам алдындағы атқарған еңбектерімен таныстыру.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 6243
Әрбір ұрпақтың кітап оқу мен әдебиетке деген көзқарасы өз заманына байланысты өзгеруде. Кітап таңдауы, қызығушылықтары, талғамдары ерекшеленеді. Компьютерлік технологиялардың дамуымен оқу форматы да өзгерді, енді электрондық түрде кітаптар, оның ішінде аудиокітаптар да қолжетімді. Мобильді кітап әрдайым қол астында, оны жүктеп алуға, оқуға, тыңдауға, досына жіберуге, электронды кітапханаға сақтауға болады. Әр түрлі тақырыптағы әдебиеттердің қолжетімділігі жастар аудиториясын да оқуға тартады.
Қазіргі жастар не
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 999
26 ақпан күні сағат 15.00-де Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жазушы, аудармашы, зерттеуші - Марат Ақторғайұлы Азбанбаевпен «Абай жолы – ұрпақ жадында» тақырыбында кездесу өтеді.