Фильтр

Кеңес Одағының Батырлары Нүркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың 100 жылдық мерейтойларына арналған

"Өшпес ерлік"атты облыстық жыр мүшәйрасы

Жастар жылында өлкеміздің әр саласында жаңашыл бастамаларға жол ашылуда. Сондай бастамалардың бірі ретінде көк аспанда қалықтаған Сарыарқа сұңқары Нүркен Әбдіров пен Ақтоғайдың жұлдызын жағып, атын жат елдің аузында қалдырған біртуар перзентіміз Қазбек Нұржановтың есімдерін жаңғырту, рухтарына бас ию мақсатында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы облыстық көлемде

...

Көтеріп моншақ аңғар да,

Көгілжім тартып таулар да,

Шалқытып сағым баулар да,

Наурызым келді бар маңға,

Наурызым келді бар жанға...

Наурыз - көне мейрам. Қазақ халқында Ұлыс күні - жыл басы. Жер–Ана бусанып, көктемнің лебі білінетін мезгіл әрқашан қасиетті де киелі саналған. Ескі ай аяқталып, Жаңа ай туатын Наурыздағы өліарада  Қыс аяқталып, Жаз басталмақ. Түн мен Күн теңеліп, жылылық пен жарық мерзімі - күндізгі уақыт ұзармақ. Осы мезеттен бастап, жан жануарға ,өсімдікке жан бітіп, қар кетіп, су ағып тіршілік түлемек. Осы күнді "Жаңа жылдың басы, жаңа өмірдің басы" деп тану халық даналығы деуге лайық.

...

Көктем жетті көрісіп, жанын үзген,

Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.

Көктем жетті көл-көсір шуақ қуып,

Қыс барады қиылып, жылап тұрып.

Шатырында үйлердің наурыз жүр,

Мұз көргісін ақпанның лақтырып." - дейді Мұқағали Мақатаев. Ақын жырлағандай шадыман шаттығын жетелеп Көктем де келді. Алла нәсіп етіп, тағы бір Амал айымен, тағы бір Көктеммен, алыс-жақындағы ағайынмен қауышуға жазды. Жылда асыға күтетін Ұлыстың Ұлы күні — жайма шуақ Наурыз биыл да табалдырығымыздан аттады. Ежелден келе жатқан көктем мезгілінде тойланатын бұл мереке ырыстың, береке мен молшылықтың, бірліктің, бейбітшілік пен көктемгі жаңғырудың мерекесі, ол әрбір қазақстандық үшін қымбат. Қоғамда

...

Елімізде 2007 жылдан бастап "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау және дамыту мен сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға және оқуға деген жәрдемдесу болып табылады. Биылғы жылы жалпы оқуға Әбіш Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романы мен Әбділда Тәжібаевтың өлеңдері таңдап алынды.

Осы акция аясында 2019 жылдың 11 наурызында Қарағанды технология және сервис

...
Гоголевка оқырмандарының назарына!

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2019 жылдың 15 наурызынан бастап жазғы жұмыс кестесіне көшеді - 09.00-ден 19.00-ге дейін.