Фильтр

Кітапханамызда жұмыс жасайтын "Жыр-Жауһар" поэзия клубының жастары қашанда жаңашылдыққа, ерекшелікке, тағылымды кештерге әуес. Бойларына жақсы ілім мен білімді жинау үшін еліміздің арда азаматтарымен кездесу ұйымдастыруға әрдайым талпынып жүреді.

Міне, күні кеше "Жыр-Жауһар" поэзия клубының белді мүшесі, аймақтық "Арқа ақшамы" газетінің бас редакторы Жанат Жаңқаш бастаған жастардың шақыруымен кітапханамызда ақын, Төлеген Айбергенов атындағы жастар сыйлығының лауреаты, Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрмет орденінің иегері Светқали

...

Махаббат мәңгі ертегі

Көңілдің күйін шертеді...

Адам жанын әсем күйге бөлейтін, барша сезімдердің патшасы – махаббат. Барша ақынның жыр күнделігі осы аяулы сезімнен басталатыны хақ. Қазақ даласында сәуір айының 15 жұлдызы "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" күні, яғни ғашықтар күні болып тойланғалы қашан.  

Н.В. Гоголь атындағы облыстық кітапханасының іргесінде қаланған "Жыр-Жауһар" поэзия клубы ғашықтар күнін мерекелеуді дәстүрге айналдырған.

Республикалық "Бір ел – бір кітап" акциясы қазіргі таңда жұртшылықтың назарында, Жыл басынан басталған кітап керуені жағасын табуда. 2019 жылдың 11 сәуірі күні №95 гимназияның шақыруымен жыл кітабы ретінде таңдалынған Әбіш Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романы мен Әбділда Тәжібаевтың өлеңдерін насихаттау мақсатында "Шырақтай сәуле берген шығармасы" атты оқушылар арасында танымдық сағат өтті.

Ұлтымыздың латын әріп таңбалы жаңа әліпбиінің жасалуы – рухани жаңғырудың басты темірқазығы. Латынға оралу, әліпби жаңарту – ұлттық мәселе. Кедергісіз тура жолмен әлемдік ақпараттық кеңістікке енуге мүмкіндік беретін негізгі құрал, мемлекетті біріктіретін алып күш.

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына арналған эссе жазу байқауын жариялайды.

Жұмыстар 2019 жылдық 5 мамырына дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.  эл.поштасында қабылданады.

ҚАТЫСАЙЫҚ! ҮН ҚОСАЙЫҚ!

Облыстық байқаудың Ережесі