- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 3371
Құрметті қарағандылықтар!
Сіздерді 2 мамыр күні сағат 12.00-де
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 74 жыл толуына орай "Отты соғыс жылдарында"
атты "Дауыстап оқу" Акциясына шақырамыз.
Шарада Ұлы Отан соғысына арналған Қ.Аманжоловтың, К.Симоновтың, С.Мұқановтың, Т.Жароковтың, Қ.Қайсеновтың, А.Твардовскийдің, Б.Васильевтің, М.Шолоховтың шығармалары мен С. Жиенбаевтің Кеңес одағының батыры Нүркен Әбдіровке арналған "Қайран шеше" поэмасы оқылады. Қаламгерлердің шығармаларын қаламыздың №45, №65 мектеп-гимназияларының оқушылары оқиды.
Келіңіздер, бізге қосылыңыздар, бірге оқиық!
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 3872
Қазақта "Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар", "Күш білімде" деген ұлағатты сөздерді даналарымыз айтып кеткен. Ал білім мен күшті қайдан аламыз? Әрине, кітаптан.
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 23 сәуір – Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай, алғаш рет "Кітапхана. Оқу. Жастар" атты жастардың "НеКонференциясы" өтті.
Аталмыш шараның мақсаты – кітап пен оқуды ілгерілету, жастардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және өскелең жас ұрпақтың рухани-зияткерлігін дамыту.
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 6006
Тәуелсіздіктің басты тірегі – бірлік. Бірлік пен ынтымақтың, татулық пен тұрақтылықтың ұйтқысы болу әрбір Қазақстан азаматының басты міндеті. Біздің еліміз бірлік пен келісімнің арқасында тәуелсіз мемлекет қалыптастырып, зор жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Бірлік пен достық және өзара сыйластық болған кезде ғана кең байтақ ортақ отанымыз - Қазақстан Республикасы мол байлық пен бақ - берекеге кенеледі.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 3027
Құрметті оқырмандар!
2019 жылдың 23-30 сәуір аралығында
кітапханаға кітаптарын бұрыннан тапсырам деп, бірақ ұмытып кеткендер үшін
«Кітаптарды кітапханаға қайтарыңыз» атты акция өтеді.
Кітапханаға кітаптарды айыппұлсыз қайтаруға мүмкіндік береді.
Жай ғана кітаптарды тапсырыңыз.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 2354
Алғаш рет Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында
"Кітапхана. Оқу. Жастар" атты I жастар НеКонференциясы өтеді.
Кітап оқуды ұнатасың ба? Қандай кітап: дәстүрлі, әлде электронды? Интернет пе, әлде кітап па? Кел, досым, бірге талқылайық!
Пікірталас алаңында сені күтеміз!
23 сәуір күні сағат 15.00-де – өз ойыңды еркін жеткізуге мүмкіндігің бар.
Анықтама телефоны: 56-53-04. Абонемент бөлімі