- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 5876
2019 жылдың 13 маусым күні Қарағанды қаласының тұрғындары үшін «Жазғы Оқу қаласы» өзінің «есіктерін» ашады.
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы әрдайым өзінің сервистік әрі ақпараттық қызметтер аясын кеңейтіп отырады. Соңғы жылдары кітапхана өзінің интернет-қызметтер аясын кеңейткен еді: құжаттарды электронды жеткізу және виртуалды ақпарат қызметімен қатар кітапхана сайтында жаңа қызметтер түрі пайда болды: кітапты онлайн ұзарту, онлайн қабылдау, жаңалықтардың RSS–лентасы, интерактивті сауалнама мен викториналар.
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 6307
Балалар қуана мектептен жүгіріп шықты, ал ата-ана болса қайтерлерін білмей қалды!
Ата-ананың алдында ата мен әже жұмыста болса, өздері де әлі демалысқа шыға қоймаса, баланың жазғы уақытын тиімді, қызықты, әсерлі болуы үшін қайтеміз деген сұрақ тұр.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 5505
Мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба, Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай–ақ, рәміздер - халқымыздың мұқалмас қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман - тілегін жеткізетін құнды белгілер.
1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Ел тарихындағы ерекше күн – жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Ол - мемлекеттің мызғымас негіздері болуымен қатар,
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 5402
Тарихтан тағылым жасау, өткенге тағзым істеу, өскелең ұрпақтың борышы және парызы. ХХ ғасырдағы саяси қуғын – сүргін мыңдаған, миллиондаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі екендігі анық. Биыл қазақ жерінде бұрын – соңды болмаған, көкірегі ояу, көзі ашық ұлт азаматтарының екі қолын артына қайырып, аяғына кісен салып, ұлт қаймағын қалқып алған ұлы сұрапыл, жаппай жазалауға сексен екі жыл толып отыр. Төл тарихымыздың қасіретті жылдарынан ой қорытатын сәт. Міне, осымен жиырма екінші
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 6420
Өз заманында еркін тынысты, екпінді де рухты өлеңдерімен сөз құдіретін танытқан ақын, жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толып отыр.
Осы мерейтой аясында аймағымызда әртүрлі іс-шаралар өткізіле бастады. Сондай бірегей шаралардың бірі ретіндеҚарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы облыстық көлемде "Сәкен тірі! Қазақтай елі барда…"тақырыбына эссе жазу байқауын 2019
...