Фильтр

Құрметті оқырмандар!

Конституция күнімен!!!

Мерекелік күндері кітапхана келесі тәртіпте жұмыс істейді:

  • 29 тамыз (бейсенбі) - жұмыс күні 
  • 30  тамыз  (жұма)  -  мереке  күні
  • 31  тамыз (сенбі)  -  демалыс күні
  • 1 қыркүйек (жексенбі) -  жұмыс күні

Міне, балаларымызды қуанышқа бөлейтін «Кітапханадағы жаз» Акциясы да өз мәресіне жетті. Бұл жаз балалардың күлкісіне, жас білімпаздардың шексіз сұрақтарына, байқауларға, ойындарға, шығармашылық шеберханаларға толы болды.

Биылғы «Кітапханадағы жаз» акциясы балалардың ғана емес, олардың ата-аналардың да мазмұнды, жан-жақты, қызықты әрі жарқын мереке ретінде естерінде қалды.

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ақын Қасым Аманжолов шығармаларын насихаттау, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында 2019 жылдың 24-25 қазан күндері «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты дәстүрлі IX Қасым Аманжолов оқуларын өткізеді.

"Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ..." атты дәстүрлі IX Қасым Аманжолов оқуларының ЕРЕЖЕСІ.

Нұр-Сұлтан – Қазақстанның жаңғыруының символы, көпұлтты мемлекет пен ондағы ерік-жігердің символы. Бұл елдің қиын кезеңдерде жарқын болашаққа деген берік сеніммен батыл қадамдарды атқаруының жемісі. Бұл ұлттың сенімі мен үмітінің, еркіндік ала отырып болашақтағы жетістіктерге деген сенімнің символы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойған болатын.

...

Биылғы жылы «Бір ел – бір кітап» акциясына 2019 жылға екі кітап таңдалынып алынды. Бірі жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы,екіншісі ақын Әбділда Тәжібаевтың өлеңдері. Бұл кітаптар оқырман назарына жыл бойы насихатталатын болады.

Акция аясында кітапханамызда көптеген іс-шаралар жоспарланып, аталмыш кітаптар жан-жақты насихатталуда.

Ал, ағымдағы жылдың шілде айының 2 жұлдызы күні кітапхана қызметкерлері «Бір ел – бір кітап»акциясына таңдалған екі автордың үздік шығармаларын қала тұрғындары мен қонақтарына инфо-брейк акциясы арқылы таныстырды.

...