- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 4913
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді
ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Бауыржан Момышұлы
Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Сондықтан да туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл – ата - бабамыздан бізге қалған аманат. Ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Елінің болашағын ойлаған, тілге құрметпен қарайтын Облыстық Н. В. Гоголь атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының оқу залында
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 5626
Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Дені саудың – жаны сау. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған, әсіресе жастар арасында есірткіге тәуелділік мәселесі – ең үлкен мәселе! Сондықтан қоғамның басты мақсаты - осы «дертке» қарсы тұру! Ол үшін біздің күш біріктіруіміз қажет!
18 қыркүйек сағат 14.00-де Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жастарға арналған «Есірткісіз өмір ғажап» акциясы өтпек.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 4507
Кітапханада латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінде "2019 jyl - Jastar jyly" атты жалпықазақстандық диктант өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі Ж. Түймебаевтың айтуынша диктанттың мақсаты - Республика азаматтарын жаңа қазақ әліпбиімен сауатты жазуға үйрету, этномәдени бірлестіктердің өкілдерін, жастар ұйымдарының өкілдерін, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерді, қоғам қайраткерлерін, студенттерді және басқа да барлық ниет білдірушілерді жұмылдыра отырып, жаңа қазақ әліпбиін қолдану.
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 4371
Кітапхана мен Қарағанды облысының Статистика департаментінің ынтымақтастығының жалғасып келе жатқанына біршама жыл болды. Кітапхана алғаш рет Департамент қызметкерлерін "Оқырман Қарағанды – 1998" кітап жәрмеңкесіне шақырған болатын. Сенімді серіктестіктің арқасында, кітапхана қорына түрлі статистикалық жинақтар келіп түседі, ал кітапхана қызметкерлері өз кезегінде Статистика департаментінің алаңында көрме, шолулар және әңгімелесу секілді түрлі көшпелі іс-шаралар өткізуде.
29 тамызда оқу
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 5297
Жадыраған жаз да аяқталып, салқын самал ескен тынған күз де келіп жетті. Табиғатта ғана күз мезгілін тынық, баяу деп айтуға болады, ал біздің кітапханада күз басталысымен нағыз қарқынды жұмыс басталады. Қыркүйек айы жоспарланған іс-шаралармен қоса, айтулы даталар мен мерейтойларға арналған кітап көрмелері, әңгімелер, көпшілік іс-шаралар өткізіледі.