Фильтр

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым деп жырлап, ел қамын жеп өткен қазақтың пір тұтар ақыны Абай Құананбайұлының 175 жылдығын мерекелеу қарсаңында, оқу залдары бөлімінде «Абай сөзі – халықтың даналығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Абай шығармашылығын оқырмандар жүрегіне терең бойлатып, ақынды танып білуге, сөз патшасы – өлең құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңіруге, ой-қиялдарын поэзия әлеміне жетелеу арқылы нақыл сөздерінен ғибрат алуға үндеу.

Өркениеттің өр биігіне шығар берік тұғыр – ұлттық болмыс десек, сол ұлттық болмыстың бір ұшығы тілмен сабақтас. Күні кеше ғана мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған жолдауында «Тіл – үлкен саясаттың құралы» - деп, қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдырудың уақыты келгендігін айтты. Ата - баба аманат еткен тілді қадірлей білу, көркемдігі мен байлығын сақтап, келесі ұрпаққа жеткізуді мақсат ете отырып оқу залдары бөлімі кітапханашылары

Төл әдебиетіміздің асқар шыңға шығуы - ұлы ойшыл Абайдың даналық болмысымен тығыз байланысты.

Абай шығармалары – жалпы адамзатқа ортақ рухани жауһарлар. Абай – қазақ үшін бір ғана әдебиеттің ауқымына сыймайды. Ол – күнделікті тіршілігімізді, қарақан басты алып жүруден бастап, биік адамгершілікке дейінгі бүкіл рухани әлемімізді қамтитын жан – жақты құбылыс. Қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, кемеңгер ойшылдың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу қарсаңында әріптестік жобада Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасымен тікелей

...

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 2 қыркүйегінде халыққа тұңғыш Жолдауын жариялады. Дүйім ел болып тыңдаған Жолдаудың жалпы мазмұны көзі қарақты оқырманға аян. Ортақ іске үлес қосқанды жөн санап кітапхана шаңырағында «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халқына Жолдауы»атты кітап көрмесі оқу залының төрінен орын алды. Бүгінде Қазақстан көк байрағы желбіреген, қазына байлығын пайдалана білетін, ұрпақтарына ұлттық

...

«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен» кіреді демекші, білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отанды сүю отбасында берілген тәрбиеге тікелей байланысты. Отбасы дегеніміз – шағын мемлекет. Отбасының іргетасы қаланған күннен бастап, Отан алдындағы жауапкершілік сезімің санада қалыптастырған дұрыс. Жақсылық пен жамандық, мейірім мен зұлымдық, адам бойындағы құнды қасиеттердің қалыптасатын ортасы – отбасы ошақ қасы. Қазақстан Республикасының Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы №511 жарлығы бойынша

...