Фильтр

Елімізде 2007 жылдан басталған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бүгінгі күнге дейін өз жалғасын табуда. Н. В. Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері қаламыздағы оқу орындарына барып, студенттермен жүздесіп қайтты.

Негізгі мақсат – жастардың қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеу. Ана тілге құрметпен қарауға шақырып, оқу мәдениетін қолдау және дамыту болып табылады. Биылғы жылы шығыстың ғұлама ойшылы, әмбебап ғалым Әбу Насыр әл - Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы

...

Қайратжан, айналайын асыл інім,

     Жаңғырттың бар қазаққа ғасыр үнің.

     Аққу-қаз айдын көлде саңқылындай,

    Сұлу саз, әсем әннің ғашығымын.....

                                                                                       Кәкімбек Салықов

 

Биыл өнер тұңған Жаңаарқа өңірінің тумасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық әртісі, ұлағатты ұстаз, дарынды, дәстүрлі әнші, Жүсіпбек Елебековтың шәкірті Қайрат Әукенұлы Байбосыновтың туғанына 70 жыл толып отыр. Осыған орайкітапханамыздың Өнер туралы әдебиеттер бөлімі «Қазақ әнінің толағайы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек.

Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы,

...

Жыл сайынғы «Бір ел-бір кітап» жалпыұлттық акциясы қазақстандықтардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту, қазақ әдебиетінің үздік шығармаларын насихаттау, рухани мұраны сақтау мақсатында елімізде 2007 жылдан бері өткізіліп келеді.

2020 ж. Акция кітаптары М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы және А. Әлімжановтың  «Ұстаздың оралуы» повесі таңдалды. Таңдаудың осы кітаптарға түскені кездейсоқ жағдай емес - 2020 жылы Қазақстан Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын және Әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтеді.

...

1.Ахметұлы І.Қазақ сөзіне тиісті деректер: зерттеу: (жазылып бітуі 25/XI-1934 ж.); құраст.: Ф. Ахметов, Б. Мұстафаев. - Алматы: Асыл Сөз, 2019. - 126 б.

 Ілияс Ахметұлы кім? Бұл кісі туралы не білеміз? Бұл сұраққа автордың «Қазақ» сөзіне тиісті деректер» атты еңбегінен оқи аласыздар. Бұл еңбекте автор ХХ ғасырдағы қоғам қайраткері, журналист, оқытушы, шығыстанушы Ілияс Ахметұлы қазақ тарихына, "қазақ" сөзіне қатысты материалдарды өз бетінше жинақтап, зерттеу жүргізген. Еңбек 1934 жылы жазылып, қолжазба күйінде сақталған. Еңбек алғаш рет латын

...