- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 4574
Елбасы Жарлығымен бекітілген бұл мерекені осымен бесінші мәрте атап өткелі отырмыз. Ізгі ниетке толы болса және ұлт біткенді ұйыстыра алса, оны нағыз халықтық мереке деу орынды.
Қазақстан қашаннан да ұлттар достығының алтын бесігі саналады. Айрандай ұйыған татулық пен берекенің ұйтқысы бола білді. Тағдырдың түрлі сынағын бастан кешкен халықтар жан-жақтан ағылып келгенде, бауырмалдық танытып, барша жұрттың баласына құшағын кең ашты. Олар қазақ даласында өсіп-өркендеп, кеңге құшақ жайды. Біздің қоғамда ұлтына, наным-сеніміне қарамастан, адамдар
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 4670
Абай - ұлтымыздың бас идеологы. Ол адам болып қалыптасу үшін жас ұрпақтың зердесіне қандай асыл қасиеттерді сіңіру, қай бағытта тәрбиелеу, болашақта қай бағытпен жүру керектігін айтып кеткен ғұлама адам. Абай – рухани көсеміміз. Оның ілімі, алға қойған биік мақсаттарымызға қол жеткізуге жетелейді.
Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Хакімнің мерейтойына орай оқу залдары бөлімінде «Абай мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 4486
Жаһанды ойла, жергілікті іс жаса.
29 ақпанда кітапханамыздың Америка бұрышы негізінде «Әлемді сақтайық» атты бірінші экологиялық семинар өтті. Семинарға орта мектептердің профильді пән мұғалімдері мен оқытушылары, сонымен қатар қаланың жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері мен оқушылары, барлығы 28 адам қатысты.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 4437
Ата Заңымыздың 25 жылдық мерейтойы қарсаңында 2020 жылдың 21 ақпан күнікітапханада Қарағанды қаласының колледж студенттеріне арналған «Ата заң – болашақтың кепілі»атты құқықтық квест ойыны өтті.
Шараның мақсаты - жастардың конституциялық және құқықтық мәдениетін, конституциялық патриотизмін қалыптастыру және арттыру. Танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өмірлік тәжірибеге сүйене отырып қорытынды жасай білу
Квест ойынына Көпсалалы гуманитарлық техникалық колледжінің «Қырандар» командасы, «Экономика, бизнес және құқық» колледжінің «Алаш»
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 4587
Айбынды Алтын Орда
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері - түп қазығы, айбыны,
Туған тілі - мәңгі өнеге айдыны,
Жан байлығы, салт-дәстүрі -тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы
-деп жыр шайыры Мұхтар Шаханов қаламына қосқандай иә, тарихты білмей, қазақты тану мүмкін емес.