- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 5108
2020 жылдың 16 наурызынан 26 сәуіріне дейін Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған "Жеңістің өшпес шырағы" атты эссе жазудан, мүшайра және бейнеролик дайындаудан облыстық байқау жарияланады.
Байқаудың мақсаты
- Жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру;
- Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық қаһармандардың ерліктерін бағалап, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру;
- "Еріктілер жылы" аясында жастарға қолдау көрсету, шығармашылық ізденістерін дамыту және қолдау.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 4803
Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты кітапхана 22 маусым күнінен оқырманға қызмет көрсетуді тоқтатады және онлайн режимге ауысады.
Кітапхананың оnline қызметтеріне жүгінуді ұсынамыз:
- Онлайн-каталог - көлемі 350000-нан астам кітаптар мен мақалалардың библиографиялық жазбаларын құрайды. Онда Сіз өлкетану тақырыбының толық мәтінді құжаттарын таба аласыз;
- Құжаттарды электронды жеткізу- мақалалар мен кітап үзінділерінің цифрлық көшірмелеріне тапсырыс беру. Кітапхана оқырмандардың электрондық поштасына кітаптар мен мақалалардың бөліктерін
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 4441
Құрметті әдебиет сүйер қауым!
Биыл қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор, ел тарихында өшпес із қалдырған Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы.
Осыған орай кітапхана "Білімдіден шыққан сөз" атты Абай шығармаларынан бейнецитата Акциясын жариялайды.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 4492
Әдетте Арқаға көктем кеш келетін. Үт сәулесі көрінбей, қар көбесі сөгілмей жатып алатын баяғы бірбеткей мінезі. Бірақ табиғат бұл жолы үйреншікті жолынан жаңылды. Оның мұз боп қатқан тыныштығын жүрегін қолына ұстап, облыстық кітапханаға қарай асыққан жырсүйер қауым бұзып еді.
Жаңалыққа толы «Жыр-Жауһар» поэзия клубы ағымдағы жылдың 5 наурызында «Жүректегі жыр-көктем» атты талғамы биік, таңғажайып шығармашылық кеш ұйымдастырды. Рухани шараның бас қаһарманы клубтың алғашқы қарлығаштарының бірі, нәзік поэзиясымен өз оқырманын тапқан – Эльмира Сайлауқызы.
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 4884
2020 жылдың 25 ақпан күні Ұлы ғалым Әл – Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы қарсаңында кітапхананың оқу залдары бөлімі Қарағанды көпсалалы гуманитарлық техникалық колледжінің «Аралас мамандық» бөлімінің 1 курс студенттерімен «Шығыстың ғұлама ғалымы» атты ақпарат сағатын өткізді.
Ақпараттық сағаттың мақсаты - жас ұрпаққа ғалымның өмірі мен ғылым саласына сіңірген орасан зор еңбектері мен мұралары жайлы айту, философиялық және қоғамдық еңбектерін түсінікті түрде таныту.