- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 9715
23 қарашада Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапхана ісін дамыту стратегиясы: жаңа идеялар мен мүмкіндіктер»атты VІIІ облыстық кеңейтілген семинар өтті.
Cеминар гибрид форматта (офлайн және онлайн) өтті.
Семинардың мақсаты:
- Облыс кітапханаларының даму стратегиясын анықтау.
- Кітапхана кадрларын кәсіби қолдау және шығармашылық әлеуетті дамыту.
- Халықаралық және өңіраралық кітапханалық ынтымақтастықты дамыту.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 8605
Биыл өңіріміздің ең ірі өнер ордасы С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында елуден астам жыл еңбек еткен, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Кеңес Жұмабековтың 75 жылдық мерейтойы аталып өтілуде. Осыған орай кітапханамыздың оқу залында «Сахна тарланы» бенефисі өтті.
Өнер сүйер қауымды актер-драматург, сахна саңлағы Кеңес Нарымбайұлының өнердегі өнегелі өмірі мен шығармашылығымен таныстыру мақсатында өткен бұл шара ашық алаң форматында өтті.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 8835
Кітапханада сегіз қырлы, бір сырлы, қайраткерлігі елге аян, ағартушылығын халқы қастерлеген Қуаныш Мақсұтовтың «AlphaPrint» баспасынан жарық көрген «ҚҰТ» кітабының таныстырылымы өтті.
Заманауи жетістіктер қолданылған жаңа кітапта ақынның поэзиясы, бардтық туындылары, шансондары, көсемсөздері топтастырылған. Кітапта көрсетілген QR-кодтар арқылы музыкалық туындыларды тыңдап, Қ. Мақсұтовтың YouTube арнасындағы мәліметтермен танысуға болатын ерекшелігі бар.
Ашық диалог форматында өткен кеште оқырман қауым жаңа
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 9229
Есімі өз дәуірімен бірге аталатын және өзі ғұмыр кешкен кезеңмен бір ұғым, бір құбылыс болып кететін тұлғалар болады ғой. Бізге сыйға тартылған осы кітап кейіпкері сондай Тұлғаға, Шырақбек Қабылбаев құрметіне арналған.
Заң ғылымдарының кандидаты, профессор, запастағы полиция генерал-майоры, Шет ауданының Құрметті азаматы Мирлан Ахмедияұлы Қызылов кітапхана қорына өзінің 2023 жылы «Алгорифм» баспасынан жарық көрген «Министр Қабылбаев» атты жаңа кітабын сыйға тартты.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 10000
Назарларыңызға қазақтың айтулы ақыны, балалар әдебиетінің ірі өкілі Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған «Мұзарт таудай Мұзаға» атты әдеби бейне шолуын ұсынамыз.