Фильтр

Наурыз айында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына «Білімдіден шыққан сөз» атты бейнецитата Акциясы жарияланған болатын. Осыған орай Абай Құнанбайұлының төртінші қара сөзінен бейнецитата ұсынамыз.

Кітапхана қорында Жеңіс туралы көптеген әдебиеттер, әндер жинақталған. Өнер туралы әдебиеттер бөлімі Ұлы Жеңістің 75 жылдығына майдангерлерге рух берген, халық арасында кең таралып, сүйіп айтатын әндерді жинақтап «Бейбіт күн тілегі» атты әндер жинағын құрастырды. Бұл әндер жинағы өнер сүйер көпшілік қауымға, музыка мектептерінің мұғалімдеріне, студенттер мен оқушыларға, кітапханашыларға арналған.
Толығырақ кітапхананың сайтынан және фейсбук парақшасынан танысып, пайдалана аласыздар.

Өмір бойы ата қоныстан тапжылмай, ауыл адамдарының арманы мен мұңын, сағынышын, махаббатын әңгіме- повестеріне арқау етіп келе жатқан қаламгер Өмір Кәріпұлы бүгінде 80 жасқа толып отыр.

Өмкеңді баршамыздың атынан мерейлі мерейтойымен құттықтаймыз. Қыл қаламмен ғұмырбаяныңызды көтеріңкі леппен биіктете беріңіз демекпіз!

Назарларыңызға осы мерейтой аясында «Өнегесі көп Өмір аға» атты жазушының шығармашылығына арналған виртуалды кітап көрмесін ұсынамыз.

Осы сілтеме арқылы көрме бойынша толық саяхаттай

...

Биыл адамзат тарихындағы қанды қырғын Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл толып отыр. Дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақстандық қаһармандардың ерліктерін насихаттау,  жастардың бойында Отан тарихына, соғыс ардагерлері мен соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне құрметпен қарауға және патриотизмге тәрбиелеуге, бейбітшілік үшін от кешкен майдангер-батырлардың өмір тарихы туралы жаңа деректер табуға ықпал ету мақсатында кітапханамыз "Жеңістің өшпес шырағы» атты облыстық байқау өткізді. Байқауда  18- 29 жас аралығындағы 

...