- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 19194
2021 жылы 17 ақпан күні Н. В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Жетісу өңіріне ғана емес бүкіл қазаққа аты мәшһүр жыр жампозы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай, "Тарихы мол білім ордасы" тақырыбында мектеп – интернаттың тыныс тіршілігі жайлы Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп – интернатының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шәрипа Қапашевамен тікелей эфирде сұхбат өтті.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 18812
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 19575
Биылғы жылы ұлы ақын, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толып отыр. Ж. Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келді. Жыршы көзі тірісінде 1936 жылы Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1938 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты атанған. Мерейлі мейрамның қарсаңында кітапхана төрімізде "Жамбылдың жыр жиһаны" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге абыз жыраудың сирек және құнды кітаптары топтастырылып, шығармашылығы мен өміріне
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 19131
2006 жылдың 8 ақпанында кітапхана жанынан "Жыр-Жауһар" поэзия клубы құрылған болатын. Клубтың ашылуы ақиық ақын М.Мақатаевтың 75 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген еді.
Клубтың мақсаты – жыр жазуға құлшынысы бар, талабы биік таланттарды қолдау, Алаштың атын аспандатқан қазақтың ақындарының өлең-жырларын дәріптеу, жастарды кеңге құлаш жайған қазақ поэзиясына баулу болып табылады.
"Жыр-Жауһар" поэзия клубының бүгінгі қарқыны көңіл марқайтып, көз қуантады. Клуб мүшелері республикалық, облыстық деңгейдегі мүшәйраларда жүлделі орындарды иеленіп жүр. Жас ақындардың өлеңдері республикалық, облыстық
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 21212
"Жылап келіп, келмейді жылап кеткім!
Ол ғұмырды келеді бір-ақ тепкім.
Жамандықты жақсартып, жақсылықты,
Онан сайын келеді қуатты еткім"
2021 жылдың 9 ақпанында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына 90 жыл толды.
Аспантаудың ақиығы, поэзия патшасы Мұқағали Мақатаев туралы естеліктерге құлағымыз түрік жүретіні анық. Ақынның дара жолына, балалық шағына, өлеңді өміріне кез келген адам елең етіп, қызыға қарайды.