- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 17868
Кешегі күні кітапханамызда Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні мен Қазақстандағы балалар жылы аясында «Бүгінгі сән – КІТАП ОҚУ!»атты балалар мен жастар кітабының апталығыныңашылу салтанаты өтті.
Аталмыш шараға кітап сүйер қауым мен кітапханамыздың достары, жанашыр мен қолдаушылары жиналды.
Мерекелік көңіл-күйді табалдырықтан аттаған әрбір жан сезінгендей еді. Көркем кітап көрмелері мен сәнді безендірілген кітапхана нағыз КІТАП мерекесін айшықтап тұрды. Барлық келушілерге «Жастар оқиды және кеңес береді» атты Кітап керуені ұйымдастырылды....
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 16701
2022 жылдың 14-15 сәуір күндері кітапханада кәсіптік оқыту Мектебі аясында ауыл кітапханашыларына арналған «Мамандықты меңгеру» атты облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – арнайы кітапханалық білімі жоқ кітапханашыларды кәсіби қызметке бейімдеу.
Облыстық семинарға арнайы ауыл кітапханашылары шақырылды.
Кітапханалық кәсіби білімді шыңдау мақсатында семинар бағдарламасы бірнеше бағыттарды қамтыды.
14 сәуірде кітапханамыздың бөлім басшылары: «Кітапхана қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар. Кітапхана статистикасының көрсеткіштері» тақырыбында кеңес жүргізді. Құжаттарды жинақтау,...
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 18671
Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан асыл қазынасын, халық мұрасын тірнектеп жинап, хаттап қағазға түсіріп, рухани әлеміміздің ұмытылмауына өлшеусіз үлес қосып кеткен шығармашыл тұлғаның бірегейі – Ақселеу Сейдімбек.
Кітапханамызда жерлесіміздің 80 жылдық мерейтойына арналған «Арқа даласы - Ақселеу әлемінде» өлкетанулық әдеби-марафон аясындағы «Қазына қалдырған қаламгер» аттымектеп, колледж мұғалімдерінің арасында ашық тәжірибе алмасу алаңы өтті.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 18088
Құрметті ата-аналар, ата-әжелер, балалар! Сіздер үшін қызықты БАЙҚАУ! Кітап оқу дәстүрі отбасыңызда қалыптасқан болса, біз өткізетін «Бірге оқимыз!» отбасылық байқауы – СІЗДЕР үшін!
Өтінімдер 11 сәуірден 15 тамызға дейін қабылданады.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 20735
Құрметті әріптестер!
Байқау өтеді. Сіздерді байқауға қатысуға шақырамыз!
Қандай байқау дейсіз бе?
Егер де, сіздің қолыңыздан буктрейлер жасау келсе, асығыңыз, қапы қалмаңыз!
Бұл байқау жазушы, этнограф-ғалым, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдық мерейтойына арналады.
Осы мерейтой аясындағы «Арқа даласы - Ақселеу әлемінде»өлкетанулық әдеби-марафон бағдарламасындағы «Мен оқыдым, Сізге де оқуға кеңес беремін» атты Қарағанды облысының кітапханашылары арасындағы буктрейлер байқауы.
Байқау