Фильтр

Бүгін кітапханамызда үлкен мәдени ошақ, халқымыздың ғасырлардан тамыр тартатын өткенін, яғни, тарихын халық арасына, кейінгі ұрпаққа жеткізу мен сақтауда еңбегі зор Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің 90-жылдық мерейтойына арналған “Музей – тарих айнасы» атты тарихи-сазды кеш өтті.

Мақсаты - жастарды музей әлемімен, өлкеміздің тарихи-мәдени мұрасымен таныстыру, еліміздің тарихына деген қызығушылық пен құрметті қалыптастыру, патриоттық сезім мен туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Кешке облыстық

...

Жазушы деген қазақ халқы үшін тек көркем сөзден ой кестелеген шебер ғана емес, халқының мақтанышы, адалдық пен әділдіктің  нышаны. Қазақ әдебиетінде өз орнын алған жазушы Қапан Сатыбалдиннің тұтас бір кезеңдегі әдеби даму үрдісінен көз жазбай, қол үзбей еңбектенген сезімтал, сергек, қажырлы қаламгер.

Өмірінің кейінгі кезеңінде Қ.Сатыбалдин драматургия саласына ойысып, ұзақ жылдар бойы театр сахналарына табыспен қойылған драмалық туындыларды жазады. Оның «Аягөз Ару», «Махаббат машақаты», «Қынаптан суырылған қылыш», «Қабаған ит», т.б. драмалық туындылары көрермен тарапынан оң бағаға ие болған.

...

2022 жылғы 18 қазандағы ҚР Үкіметінің №833 қаулысымен «24 қазан – Кітапханашылар күні» мерекесі болып бекітілді. Мерекенің басты мақсаты – кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оны кәсіби аренада ынталандыру болып табылады. Бұл тек кәсіби кітапханашылардың ғана емес, ең алдымен кітаптарды жақсы көретін, кітапханашының мәдени және қоғамдық өміріндегі орасан зор рөлін түсінетін адамдардың мерекесі.

Кітапханалар – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Олар оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне

...

1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Қазақстандықтар жыл сайын 2009 жылға дейін, 8 жыл қатарынан мемлекеттік мерекені атап өтті. Алайда, 2009 жылы «Мерекелер туралы» Заңға түзетулер енгізіліп, оның күші жойылып, мереке алынып тасталды. 2001 жылы «Республика күні» мемлекеттік мереке болып атап өтілсе, қазір оған Ұлттық мәртебе берілді.   Биыл Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлайды. Бұл күн мереке

...

Кітапханамызда 20 қазан күні Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, халық жазушысы, драматург, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан танымал тұлға Шерхан Мұртазаның  туғанына 90 жылдығына арналған жастарға мол мұрасын насихаттау мақсатында «Шерхан Мұртаза – дәуірдің шынайы суретшісі» атты тарихи - әдеби кеш өтті.

Кеш қонақтары Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы Ж.Б. Шәкәрімқызы Шерхан Мұртазаның балалық шағы, өскен ортасы, қызмет жолы, шығармашылығы, аудармалары  туралы әңгімелеп, жазушының өмір

...