Фильтр

2024 жылдың 11 маусымында сағат 11.00-де Қарағанды қаласының тұрғындары мен кітапхана оқырмандарына арналған дәстүрлі «Жазғы Оқу қаласы»  жобасы жұмыс жасауын бастады. Бұл жоба 2013 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен жүзеге асырылып, оныншы рет өткізілуде.

Жобаның мақсаты – кітап оқуға деген қоғамның қызығушылығын ынталандыру, жастар мен ересектер қауымын кітап оқуға тарту.

Жобаның ашылуы кітапхананы өз оқырманына жақындатуға, қала тұрғындарының кітап оқуына және демалуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

...

Сыйға тартқан жаңа кітаппен таныс болыңыздар!

Өлкетану әдебиеттері бөліміне академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-нің профессоры, психология ғылымдарының докторы Әмірова Бибісара Әубәкірқызы «Аты – аңыз, өмірі – өнеге ғалым, психолог Сәлкен Балаубаев» атты жаңа кітабын сыйға тартты.

Қазақ даласына алғаш психология ғылымын қазақ тілінде сөйлеткен ғұлама ғалым, ұстаз жайлы кітапты оқуға асығыңыздар!

Достар! Назарларыңызға жаңа виртуалды кітап көрмесін ұсынамыз! Көрмеден қазақ ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушысы, қазақ кәсіби сахна өнерінің абызы, жүз елуге жуық роль ойнап, өшпес ізін, ұмытылмас өнегесін қалдырған Қалибек Қуанышбаевтың шығармашылығымен таныс боласыздар. Жазғы демалыста балаларыңыз үшін кітап көрмемізге саяхат жасау КЕРЕМЕТ мүмкіндік!  Көріңіздер, парақтаңыздар, ой-пікілеріңізді жазыңыздар

31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін – мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі болып саналады. Осыған орай Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Өзекті өртер шындық» атты ақпараттық сағаты мен «Зұлмат Жылдар Зобалаңы» атты иллюстрациялық кітап көрмесінің таныстырылымы өтті.

Шараның мақсаты - оқырмандарға саяси қуғын-сүргін кезеңінің тарихи маңызын түсіндіру және азаттық жылдарында құрбан болған бабаларға тағзым ету.

...

21 мамыр елімізде Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні атап өтілді. Мерекеге орай, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ғимаратында құрметке бөленді. Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е.Қ.Жұмакеновтың қатысуымен өткен салтанатты шараға еңбек сіңірген өнер және мәдениет қайраткерлері, ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылары, сала қызметкерлері мен ардагерлер қатысты.

...