Фильтр

Үстіміздегі жылдың 21 қазан күні ның ұйымдастыруымен "Әлемге әйгілі қаламгер" атты Мұхтар Әуезовтың 115 жылдығына орайластырылған риясыз кеш өтті. Республика көлемінде болып жатқан атаулы оқиғадан поэзия клубы шет қалған жоқ. Әлемдік дәрежедегі қазақтың ұлы жазушысы – 20 ғасырдың алып тұлғасына айналғалы қашан. Көктен түскен 4 кітаппен (құран, таурат, інжіл, забур) пара-пар "Абай жолы" - қазақтың жолы.

Біздің еліміз – көп этносты, көп мәдениетті және көп конфессиялы мемлекет. Өркениеттер тоғысында тұрған Қазақстан Шығыс пен Батысты, Еуропа мен Азияны, түрлі мәдениеттер мен діндердің адамдарын жақындастыруда елеулі рөл атқарады. Оны "өркениеттер қиылысы" деп тегін атамаған. Қазақстанда діндердің бейбіт қатар өмір сүруінің өзі оның әлеуметтік және рухани өміріндегі тұрақтылықтың тұрлаулы кепілі болып отыр.

Қоғамдағы өзгерістерге қарамастан дәстүр жалғастығын сақтай отырып, білім ордасы мен мәдени ошақ негізінде оқырмандарын қуана қарсы алатын негізгі орын – Кітапхана.

Міне, 11 қазан күні де өз дәстүрінен ауытқымай «Кітапхана – көпшілік үшін ашық» деген ұранмен облыстық Н.В. Гоголь атындағы кітапхана Ашық есік күнін өткізді.

Табиғатқа тіл бітірген Оралхан табиғаттың өзіңе айналып кеткендей. Жазушының "Қар қызы", "Сайтан көпір", "Жылымық" т.б. әңгімелерінде табиғат-ананың жүрегі соғып тұрады. Тау – биік, заңғар жаратылыс. Таудың түрлі тылсым жұмбақтары бар. Оның кілті – Алтайдың, қазақтың Кербұғысына бұйырған сынды. Өскелең ұрпақтың көкжиегінде осы ойлар белгі берді. Бұған дәлел Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында 30 қыркүйек күні өткен "Еркіндігін аңсаған Кербұғы тіпті де өлген жоқ» атты өрелі кеш. Жалпы кеш "Бір

...

2012 жылдың 26 қыркүйек күні Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының іргесінде құрылған "Жыр-жауһар" поэзия клубы жазушы, көрнекті қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 80 жылдығы мен арлы ақын, ұлт жанашыры Мұхтар Шахановтың 70 жылдығына арналған "Суреткердің сыршыл әлемі" атты кезекті отырысын өткізді.