Фильтр

2012 жылдың ақпан айының 19-ы күні Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жанынан құрылған "Жыр-Жауһар" поэзия клубының "Әні мен сәні жарасқан – ұлу жылы" атты отырысы өтті. Отырыс шымылдығын жақында "Соңғы раушан" атты алғашқы кітабы жарық көрген, клубтың өрен алды мүшесі, лириканың сұлтаны Мирас Асан ашты.

Мирастың "Элиза" деген өлеңінде Еуропа мен дала өнерін шендестіру арқылы қазақы құндылықты жоғары қояды. Құйқылжытып, ерекше нақышпен тебіреніп өлеңдерінен үзінді оқыған Мирасқа көрермен қолқа салып, жұп болсын сұрады. Одан соң

...

18 – қаңтарда кітапханада Д.А. Қонаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған "Тұғыры биік дара тұлға" атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – қазақтың парасат даналығын бойына сіңірген перзенті, ХХ ғасырдың аса көрнекті мемлекет қайраткері. Ол – терең ақылымен, жоғары мәдениетімен, турашылдығымен, әділдігімен ерекше көзге түскен ұлы тұлға. Оқу залының кітапханашысы Сыздықова Меруерт мемлекет қайраткері Д. Қонаевтың өнегелі өмір тарихы мен еңбек жолдарын айтып өтсе, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, қоғамтану

...

Біз үшін Абай қандай болса, Мұхаң да – сондай даналық мектебі. Ол мектептен дәріс алу – әр қазақтың абыройлы борышы.

Дінмұхамед Қонаев,
мемлекет қайраткері

ҚР Ұлттық кітапханасы «Мұхтар Әуезовті оқимыз» атты халықаралық акцияның өткізілетіні туралы  хабарлайды. Іс-шара қазақ әдебиетінің классигі,  абайтану саласының негізін қалаушы, аса көрнекті жазушы және ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің  туғанына 115 жыл толуына арналады.

Халықаралық акцияның мақсаты - Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасы­на әлем елдері оқырмандарының назарын аудару, жазушының өмірі мен әдеби

...

2012 жылы АҚШ-ның мемлекеттік департаменті мен Халықаралық зерттеу мен алмасу бойынша Кеңесі (IREX) «Орта мектеп мұғалімдеріне арналған оқыту шеберлігін жетілдіру» (Teaching Excellence and Achievement Program (TEA)) атты бағдарламасының басталуын жария еткен болатын.

Осыған орай, 2013 жылдың 17 қаңтар күніН.В. Гоголь атындағы білім ордасында Қарағанды қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің директор орынбасары әрі TEA бағдарламасының түлегі Г.Э. Жүкенова осы бағдарлама бойынша арнайы насихаттау презентациясын өткізді.

...

24 желтоқсан күні кітапхана жанынан құрылған "Жыр – Жауһар" поэзия клубының ұйымдастыруымен ақын, Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты Абзал Бөкенмен кездесу өтті.

Абзал Бөкен – ойдың ақыны. Кез келген өлеңін оқып көрсеңіз жоғары бір пафосқа негізделмейді. Жұп-жұмыр. Дөп басады.

Алатаудан Арқаға оралған алпысты алқымдаған ақын ағамыздың әлі де таусылмаған жебе, сарқылмаған кемелі бар екен. Шаһарымызға келгелі 50 өлең, 70 рубаят, 3 поэма жазған екен. Ғаламат емес пе?