Фильтр

Өмірге келген әр жаңа мемлекеттің өз "іңгәсі" бар. Ол – көтерген туы мен елтаңбасы, асқақтата әуелеткен әнұраны. Ту, елтаңба ел байлығын, тәуелсіздікті, адамдардың іс-әрекеттерін, экономикалық өмірді, қалалар мен мемлекеттердің тарихи ерлік беттерін бейнелеген. Әрбір елде өзінің көп ғасырлық тарихымен байланысты рәміздерінің міндетті түрде болуы XX ғасырда дәстүрге айналды.

1992 жылдың 4 маусымы Қазақстан Республикасы үшін ең елеулі күн болып табылады. Осы күні Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны" туралы заңға

...

2012 жылдың 26 сәуір күні кітапханада "Жергілікті басылым және авторлық құқық" атты жергілікті ақын-жазушыларымен, қаламгерлермен дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстелдің мақсаты: Кiтапханалардың электрондық орта қызметінде туындайтын авторлық құқықты дұрыс сақтаудың ортақ шешімін бірлесе анықтау, авторларға – интеллектуалды жекеменшік жасаушыларына кітапхана қызметінде әдеби және басқа мәтіндерді көшіруде, сканерлеуде және электронды кітапхана жасауда құқық негіздерін сақтауды түсіндіру.

Бұл

...

Шынболат Ділдебаев (1937-1998) Сыр сүлейлерінің сарқытын ішіп, Арқаның ақтанкерлерінің жолын қуған, есімі бүкіл республикаға танымал ақын, жыршы, термеші, өнердің ерен жүйрігі, ұлтымызға белгілі өнер саңлақтарының бірі. 80-жылдардан республикалық ақындар айтысына жиі қатысып, жүлделі орындарға ие болды, шебер термешілдігімен танылды.

19 сәуір күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Бір ел – бір кітап" акциясын насихаттау мақсатында Оралхан Бөкейдің "Қайдасың, қасқа құлыным" атты повестер мен әңгімелер жинағы бойынша әңгіме өтті.

Оралхан Бөкейұлы – қазақ жазушыларының маңдайалдысы, дара туған дарындысы, мақтанышы. Оның жаңа жазған шығармасы, жаңа шыққан кітабының аты аталмай қалмаған. Сол кездегі жас жазушылар Оралханша ой толғап, ағыл-тегіл ақтарылып, жарқыратып жазуға ұмтылған. Бүгінгі таңда Оралханның шығармаларын білмейтін қазақ кемде кем шығар."Бір ел –бір кітап " акциясының елімізде жүргізіліп жатқанына биыл алтыншы жыл. Ұлы Абайдың "Қара сөздерінен"

...

"Жыр – Жауһар" поэзия клубының ұйымдастыруымен наурыздың 18 жұлдызы Наурыз мейрамына арналған "Ұлттық дәстүр ұлағаты" атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Құс қанатымен бірге келетін Наурыз мейрамын қашанда жақсы істің ортасынан табылатын "Жыр-Жауһар" поэзия клубы мейірім мен шапағат мерекесін әдеттегідей бар сән-салтанатымен бастады.