Фильтр

Облысымыздың өнерін өрнектеп, тарихын түгендеп, дәстүрін дәріптеген мәдениет жанашыры Рымбала Кенжебалақызы Омарбековаға биыл 70 жыл толып отыр.

Осыған орай, 2013 жылдың 1 ақпанында Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында "Парасат" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рымбала Кенжебалақызы Омарбекованың туғанына  70 жылдық мерейтойына арналған "Мәдениетіміздің майталман ұйымдастырушысы" атты кітап көрмесі қойылып, әдеби шолу жасалды.

Қарағандыда алғаш рет Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебеп ғылыми кітапханасында қауіпсіз буккроссинг сөресі ашылды.

Буккроссинг жайлы жалпы әлемде, Қазақстанда, тіпті біздің Қарағандыда да көп айтылып, жазылуда. Буккроссинг әр жерде әртүрлі. Ол жастар қозғалысы ретінде де, Интернеттегі қарым-қатынас клубы ретінде де, кітап алмасу немесе кітап сыйлау акциясы ретінде де бола алады. Ең бастысы, оның мақсаты – оқуды алға ілгерілету. Кітаптар көптеген оқырмандармен оқылу үшін басылып шығады. Егер кітапты оқырманға жеткізудің тағы бір жолы пайда болса, біз,

...

"Кітапханаға сыйланған өлкетанулық кітап – оқырмандарға баға жетпес сыйлық = Краеведческая книга в дар библиотеке – бесценный подарок читателям" атты акция аяқталды.

Өлкетану бөлімі қазақтың белгілі ақыны, Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты, жерлесіміз Ғалым Жайлыбайдың 55 жылдық мерейтойына арналған "Жүйткіген жүйрік жыры Құлагердей" атты виртуалды кітап көрмесін тамашалауға шақырады!

2013 жылы 24 қаңтар күні  Балқаш қаласының алғашқы құрылысшысы, Социалистiк Еңбек Ерi,  Қарағандының дамуына үлкен еңбек сіңірген Василий Иванович Язевтің туғанына 100 жыл толды.

Василий Иванович Язев Мәскеу индустрия-құрылыс техникумын бітіргеннен кейін Қазақстандағы Балқаш мыс алыбы құрылысына жіберілді. Оның барлық еңбек жолы Сарыарқаның ең ірі өнеркәсіптік қалалары Балқаш және Қарағандымен байланысты болды. Балқаш қаласының және Балқаш кен-металлургиялық комбинаты құрылысына үлкен үлес қосқаны үшін Социалистiк Еңбек Ерi атағы берілді.

...