Фильтр
Гоголевка оқырмандарының назарына!

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2013 жылдың 1 наурызынан бастап жазғы жұмыс кестесіне көшеді - 09.00-ден 19.00-ге дейін.

Барша әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық төл мерекесімен  шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге денсаулық, бақыт пен береке-бірлік тілейміз!

Мерекелік күндері кітапхана келесі тәртіпте жұмыс істейді:                       

  • 7  наурыз  (бейсенбі) - жұмыс күні                       
  • 8  наурыз  (жұма) - мереке күні                      
  • 9  наурыз  (сенбі) -  демалыс  күні                       
  • 10  наурыз
...

Фариза Оңғарсынованың "Дауа" жыр жинағын оқимыз

Бүгінде Фариза Оңғарсынова Қазақстанның ең көп оқылатын авторы болып саналады. Оның шығармашылығының негізгі тақырыптары – сүйіспеншілік пен жек көрушілік, ерлік пен қорқақтық, жақсылық пен жамандық. Өзінің көптеген өлеңдерін ақын туған ауылына, жерлестеріне және бүкіл қазақстандықтарға арнады. Фариза Оңғарсынованың шығармаларына әлеуметтік пен азаматтық тән, ақын жырлары отансүйгіштік рухты оятып, туған халқын сүюге, құрметтеуге, оның дәстүрлері мен мәдениетін қастерлеуге шақырады. Фариза Оңғарсынова әлі

...

2013 жылдың 22-ші ақпан күні кітапханамызда ерекше кездесу өтті. Мәдениет ошағына АҚШ Елшілігінің мәдениет атташесінің міндетін атқарушы Дрю Н. Петерсон мен елімізге арнайы шақырылған танымал АҚШ хореографтары Пол Эмерсон мен Тара Комптон ат басын тіреді.

2013 жылы 26 ақпанда жазушы, өлкетанушы, С.Сейфуллин атындағы сыйлықтың иегері Кәмел Жүністегінің "Едіге" атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Бұл кітап "Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару" республикалық бюджеттік бағдарламасы аясында жарық көрген.

2013 жылдың 19-20 ақпан күндері Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Американдық бұрышына Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің ағылшын тілі бағдарламалары бойынша аймақтық директоры Дженнифер Ухлер мен ағылшын тілі бағдарламаларының үйлестірушісі Ольга Патерова арнайы іс сапармен келген болатын.

Іс-сапар барысында АҚШ Елшілігінің демеушілігімен жұмыс істейтін ағылшын тілі бағдарламаларын насихаттау әрі мұғалімдердің оқыту шеберлігін жетілдіру мақсатымен "Ағылшын тілін үйретудің әр түрлі әдістерін қолдану" атты семинар өткізді.

...