- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 860
Көктем шақырады!
Наурыз шақырады!
Біз шақырамыз!
Ақбоз үйді үлпілдеткен, Боз даланы бүлкілдеткен. Қуанышты күлкің – көктем, Әсем едің, шіркін, неткен, Наурызым! |
Құлпырады сәнді бақтар, Жұлқынады арғымақтар. Сылқылдайды бал бұлақтар, Мерекемсің мәңгі мақтар, Наурызым! |
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 934
Құрметті оқырмандар!
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Жезқазған қаласы, Ұлытау ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағы Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының иегері, ҚР мәдениет қайраткері Апбаз Қаражігітовтың 90 жылдық мерейтойына кітапхана «Қарымды, қайратты қаламгер» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынады.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 957
Құрметті кітапхана қолданушылары!
Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы Американдық бұрыш 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні мен АҚШ-ғы әйелдер тарихы айына арналған «Қазақстанның қазіргі әйелдері» атты фото байқау жариялайды.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1469
Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек.
Н.Назарбаев
"Қазақстан-2050" Стратегиясынан
Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент бөлімі 5 наурыз күні № 41 Жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі және әдебиет мұғалімдеріне "Қазақ тілі – ертеңім, болашағым" атты ақпараттық сағат өткізді.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1105
Облыстық кітапханада ақпан айының 28 жұлдызында қаламыздағы "Бірінші Қарағанды" телеарнасы мен кітапханамыздағы "Жыр-Жауһар" поэзия клубы бірлесе ұйымдастырған "Қазақ газетіне – 100 жыл" атты дөңгелек үстел өтті.