Фильтр

28 наурыз күні кітапханада өлкетанушы, тарихшы-этнограф Темірғали Тілеубекұлы Аршабековтың "Мәдени мұра – асыл қазына" атты шығармашылық кеші өтті.

Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

Жетісуға жасылдан көйлек кигізіп, Сарыарқаны самал желге сүйгізіп, Алатаудың төбесін көкке тигізіп, Қаратауға құт-береке үйгізіп жеткен әз Наурызды біздің кітапханамыз да биыл ерекше атап өтті.

Түркі әлемінің ежелгі мейрамы - Наурыз мейрамы бүгінде елімізде  дүбірлеп өтеді. Асыға, аптыға күтетін мерекелердің төресі. Қыс бойы әлем-тапырақ мінез көрсеткен Табиғат –ана да иіп салғандай. Күннің қызуы қалың қарды еріткенімен қоймай, алғашқы көктем жаңбыры да құйып өткен. Осындай шақта біз сіздерді кітапхананың оқу залындағы Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған «Дәстүр жалғастығы» атты кітап көрмесіне шақырамыз.

 

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының мерекелік шаралары аясында кітапханадағы Американдық бұрыш та қалыспай ерекше дөңгелек үстел өткізді.

Ерекшелігі неде дейсіз ғой?!

«Наурыз – көктем мерекесі» тақырыбындағы дөңгелек үстелді Америка Құрама Штатынан арнайы шақыртумен келген ҚарМТУ ұстазы Анна Турник өткізді. Қазақ елінің азаматтарына ағылшын тілінде Жаңа жыл мерекесі жайлы әңгімеледі, өзінің осы мейрамға деген көзқарасы мен пікірі қызығушылық туғызды. Біздің елге келіп еңбек етіп жатқан  америка азаматшасы тек табыс үшін ғана емес, еліміздің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары, ұлттық ерекшеліктері туралы білімін арттыруды көздеген. Сондықтан да осы

...

Өткен 2012 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күні мерекесінің қарсаңында "Қазақстан-2050" атты ел өмірі үшін айырықша маңызға ие жаңа Стратегия жариялады.

Басты мақсат – ХХІ ғасырда қазақ елінің орнықты дамуын жалғастыру, осы ғасыр ортасында әлемдегі ең да­мыған 30 елдің санатына қосылу. "Мақ­сат – жетістіктің желкені" дейді хал­қымыз. Президент ұсынған "Қазақ­стан-2050" Стратегиясы біздің болашақ табыстарымыздың, үс­ті­міздегі ғасыр­дың ұзақ жолының бағдары, жолбасшысы болмақ.