Фильтр

Мамырдың 4-5 жұлдыздарында Қарағанды гуманитарлық–техникалық  және "Лингва" колледждерінің студенттері арасында  Бір ел – бір кітап акциясы аясында Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналған әңгіме өткізілді.

Құрметті оқырмандар!

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Бір ел – бір кітап акциясы аясында таңдалған "Дауа" жыл кітабының авторы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық жазушысы, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайлы "Өлеңін аялаған өр ақын" атты кітап көрмесі ашылды. Көрмеге ақынның қазақ және орыс тілдерінде шыққан жыр жинақтары, аудармалары  топтастырылған. Ақын шығармашылығы жайлы қалам тербеген сыншы қауымының мақалалары мен әр жылдары мерзімді басылымдарда жарық көрген ақынның мақалалары да жинақталған.

Ұрпақ тәрбиесімен айналысып жүрген ұстаздар қауымы мен

...

2013 жылдың 30 сәуірінде кітапхананың Американдық бұрышы «АҚШ мәдениеті жайлы не білемін?» тақырыбында ағылшын тіліндегі қалааралық жазбаша жұмыстар байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты – кітапханадағы ағылшын тіліндегі әдебиеттерді насихаттау, оларға қолжетімділікті арттыру, оқу мен танымдық қызығушылықтары арқылы оқырмандарды кітапханаға тарту.

2013 жылдың 25 сәуірінде кітапханада "Жас өлкетанушы" үйірмесінің ашылу салтанаты өтті.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстанның Әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" атты кешенді бағдарламасында "Туған жерге махаббат отаншылдықтың негізі" деп атап өтіп, мектептерде, техникалық және кәсiптік оқу орындарында "Қазақстандық құқық", "Өлкетану" курстарын мiндеттi оқу курстары ретінде енгізуді ұсынған болатын.

Қазіргі кезде біздің аймағымызда туған өлкеміздің тарихын білуге деген қызығушылық арта түсуде. Жалпы білім

...

2013 жылдың 16 сәуір күні кітапханада "Фолиант" баспасынан "Менің Отаным – Қазақстан" сериясымен жарық көрген Сапарғали Ләмбекұлының өлкетану тақырыбындағы "Қарқаралы" кітабының тұсаукесері өтті.