Фильтр
Құрметті  оқырмандар!

Жазғы "Оқу қаласы"  2013 жылдың 1 қыркүйегіне

дейін жұмыс істейді.

Жұмыс кестесі: 

сейсенбі – сағат 12.00-ден 17.00-ге дейін, үзіліссіз
бейсенбі – сағат 12.00-ден 17.00-ге дейін, үзіліссіз
 
Құрметті оқырмандар!

Сіздерді АҚШ-тың  "Company  E

тобының хореографтарының  қойылымымен  өтетін

"Заманауи  хореография"  атты концертке шақырамыз.

Кіру  тегін

30 маусым күні "Астананың 15 жылдығына - 15 ізгі іс" акциясының шеңберінде кітапханада "Ел жүрегі Астана" - атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.

Астана қаласының 15 жылдығы мерейтойына орай екі аптаның әр күнін нақты тақырып бойынша тойлану жоспарланған. 26 шілде "Біз Қазақстанның патриоттарымыз!" деген ұранмен аталып өтілуіне облыстық кітапхана ұжымы белсенді қатысып, флеш-моб ұйымдастырды.

Кітапхана алаңында сағат 11-де қызметкерлер жиналып, "Жыр-Жауһар" поэзия клубы мүшелерінің Астана туралы өлеңдерін тыңдады. Клуб мүшесі, жас ақын Айзада Садуақас лирикалық тақырыптағы өлеңін көпшілік назарына ұсынды.

Кітапхана маусым айының 24 жұлдызында Елордамыз Астана қаласының 15 жылдығына орай №27 жалпы білім беретін орта мектептің жазғы демалыс лагерінің балаларымен "Астана - балалар көзімен" атты сурет байқауын өткізді. Бұл байқауда жас суретшілеріміз Астананы гүлденген, жайнаған қала ретінде бейнелеп, Астана қаласына жасаған саяхаттан алған әсерлерін суреттеді. Сонымен қатар "Туған күніңмен, Астана!" атты сурет көрмесі қойылды.