Фильтр

Поэзия – әдебиеттің көне саласы, бірақ жасаған сайын жасара түсетін жанды саласы екенін бүгінгі «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты дәстүрлі  ІІІ Қасым оқулары тағы да паш етті.

Бұл шара Қарағанды облысы мәдениет басқармасы және Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Қ. Аманжолов атындағы аллеядағы Қасым ескерткіші алдында  өтті.

Құрметті оқырмандар! Баршаңызды «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткізілетін «Әуезі ән, жаны раушан, күй жүрегі» атты интерактивті сұрақ-жауап сайысына қатысуға шақырамыз!

Еліміздің жас өрені!

Өзіңді биіктерден көргің келсе, замана ағымына ергің келсе, әдебиет әлемінде жүзгің келсе - қапы қалма, қатыс, біліміңді тексер!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен  Қазақстан халықтарының тілдер күні мерекесіне орай 2013 жылдың 11 қыркүйегінде«Тілдарын-2013» олимпиадасы өтті. Ұйымдастырылып отырған шараның басты мақсаты - Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, қабілетті жастарға қолдау көрсету болды. Олимпиадаға үш тілді меңгерген 18-30 жас аралығындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекеме қызметкерлері мен жоғары, арнайы, жалпы білім беру ұйымдарының мамандары додаға түсті. Байқау барысында қатысушылар қазақ, ағылшын және орыс

...

Қазақстанды өзімнің Отаным деп санайтын әрбір адам мемлекеттік тілді меңгеруге ұмтылулары керек. Мемлекеттік тілге деген ұмтылыс арқылы барша қазақстандықтардың тұтастығы нығайып, ынтымағы арта береді.

Н.Ә.Назарбаев

 

Елімізде мемлекеттік тілді дамытуға және оның қолданыс аясын кеңейту мақсатында соңғы жылдары атқарылып жатқан нәтижелі істер қатары мол. Осындай мақсатты ұстана отырып 12-қыркүйек күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай өзге ұлт өкілдерінің арасында "Қазақ тілі – ертеңім, болашағым" атты сайысын өткізді. Сан түрлі ұлт өкілдерін бір

...

Құрметті оқырмандар!

«Абонемент» бөлімі 2-ші қыркүйектен бастап ашылады.

Келіңіздер! Біз Сіздерді асыға күтеміз!