Фильтр

Кітапхана әр оқу жылының басында ашық есік күнін өткізуді дәстүрге айналдырған. Биылғы жылы, 8 қазан күні өткен "Ашық есік" күніне қаламыздағы ірі жоғары оқу орындары: Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ-нің, ҚММУ-нің, ХБА-ның, Болашақ университетінің және КГТК-нің, ГТК-нің, гуманитарлық, өнер, медицина, банк, сән колледждері мен №38, 39, 45, 93 гимназияларының 700-дей студенттері мен оқушылары қатысты. Шара шеңберінде әртүрлі іс шаралар ұйымдастырылды. Фариза Оңғарсынованың шығармашылығын насихаттау жұмыстары да жалғасын тапты. Кітапхананың кіре берісінде кітап көрмесі

...

Ей, өлең қуған жарқыным,

өнер қуған жарқыным,

өтпесін сенің дұшпан ұйқымен әр түнің.

Мен үміт еткен ұрпағым болсаң, қалғыма,

өнеріңнің көрсет алмас қылыштай жарқылын,

Бұл жұмыр Жерде ұлымын дейтін халық көп,

көрсеткін сен де еліңнің айбат, ауқымын!

Ф.Оңғарсынова "Алмас қылыш" поэмасынан

"Мен құштар әлем" блогы туралы

Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған "Мен құштар әлем" блогы, ең алдымен өмірлерін әлеуметтік желілерсіз елестете алмайтын жастарға – Next ұрпақтары үшін ойластырылды.

2013 жылдың 7 қазанынан 13 қазанына дейін "Кешірім апталығы" акциясы жарияланған!

Сіздер қандай да бір себеппен тапсыруын кешіктірген кітаптарыңызды еш кедергісіз әкеліп,

тапсыра аласыздар.

Кітапханада  көптеген  жылдар бойы қала ұстаздарын ақпаратпен қамтамасыз етіп отыруға бағытандырылған арнайы бағдарлама жұмыс жасайды. Сондықтан абонемент бөлімі осы бағыттағы жұмысын ерекше назарында ұстап ұстаздар мен  оқушыларға қажетті ақпаратты жеткізуге асығады.

Жауһар жыры паш еткен елге есімін,

Бір ару бар басында жыр көшінің:

Сұлулыққа жаны іңкәр, жүрегі ізгі,

Ақын-ғумыр тербеткен жыр бесігін

Айжан Абдуллаева

Фариза Оңғарсынованың "Дауа" атты жыр жинағын оқып, бір сәт төңірекке көз жіберсек, жұмыр жер мен адамзат, оның тағдыры мен тіршілігі үшін жан ұшырып жүрген Ана бейнесі көз алдымызға келеді.