- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 543
Құрметті оқырмандар және сайт қонақтары!
Ақпараттық-библиографиялық бөлім "Қазақстанда 2014 жылы еске алып, атап өтілетін күндер күнтізбесі" сайттың кітапхана басылымдары бөлімінде жарияланғаны туралы құлаққағыс етеді.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1327
Кітапхана - киелі мәдениет ошағы. Төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді ұрпақ санасында қайта жаңғырту және насихаттау жолында облыс кітапханалары белсенді роль атқарып келеді.
12 – желтоқсан "Алашорда" күніне орай Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасы арасында "Алаш" тақырыбында онлайн-конференция болып өтті.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1935
Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігі пешенесіне бұйырған бүгінгі бақытты ұрпақтың негізгі міндеті - Тәуелсіздіктің тұрақтылығын нығайту. Ес біліп, етек жинаған әрбір Қазақстан тұрғыны Қазақ елінің азаматы екендігін мақтан тұтып, зор мәртебе көруі тиіс.
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен Қазақстан Респуликасының Тәуелсіздігі мерекесіне арналған «Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым» аттыпоэтикалық марафонның мақсаты да өскелең ұрпақтың бойында туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, көпұлтты
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 888
Биыл қазақтың қайталанбас ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдық мерейтойы Республика көлемінде атап өтілуде. Осы орайда облысымыз көлемінде де ақын мерейтойына арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылуда.
Ақынның арда есімін ұлықтау мақсатында аяқ алған іс-шаралардың бірі желтоқсанның алтыншы жұлдызында қаламыздың беделді білім ордасы №39 мектеп-гимназиясында "Мағжан тағылымы" атты әдеби-сазды кеш болып өтті.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 669
Қасиетті Қарқаралы даласы қашанда қаламы қарымды, айтары арынды алып тұлғалардың тал бесігіне айналған киелі мекен. Сонау басы "Қаз дауысты Қазыбектен" басталып бүгінге дейін сөз құдіретін ұлықтауда ұлан қырат. Осынау құрсағы алтын атыраптан "Алаш" - биігіне көтеріп жүрген кемеңгер ақын Тұрсын Жұмаш та 1959 жыл, 9-маусымда берекелі орданың Балқантау деген жерінде дүниеге келген.