Фильтр

Назар аударыңыздар! 

Кітапхана ұсынады:  3D форматында мультимедиялық электронды жинақ!

Құрметті оқырмандар!

 "Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым" атты поэтикалық марафонның қорытындысы бойынша үздік деп танылған туындыларды 3D форматындағы мультимедиялық поэтикалық жинақ түрінде ұсынамыз. Жинаққа авторлардың өлеңдері мен шара барысында түсірілген бейнекөрініс енгізілген.  Берілген өлеңдердің түпнұсқасына авторлар өздері жауап береді.

Әдебиет әлеміне өзіндік стилі, үні, айтар ойын кәсібіне сай дәйектерімен жеткізе білетін тағылымды тың қаламгер Марат Ақторғайұлы Азбанбаевтың туындыларын, құрметті оқырман, Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Гоголевка  оқырмандарының  НАЗАРЫНА!

Кітапхана 2013  жылдың  31  желтоқсанына  дейін демалыссыз  жұмыс  істейді

2005 жылдан бері кітапханамызда "Жыр-Жауһар" поэзия клубы жұмыс жасайды. Осы клубтың алғашқы мүшесі әрі төрағасы болып клуб жұмысын үлкен деңгейге  жеткізіп, жетелеген Алмаз Мырзахмет бүгінгі күні әдебиет әлемінде танымал екені даусыз. Осы сөзіміздің дәлелі ретінде "Жалын" баспасынан жуырда жарық көрген Алмаздың "Ханшайым" атты туындысы болады. "Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару" бағдарламасы бойынша "Жас толқын" сериясымен шыққан бұл кітап көпшілік оқырманға арналған.

Желтоқсан айының 9-жұлдызында «Күлтегін» республикалық әдеби-тарихи танымдық, этнографиялық (РӘТТЭ)  және өнер бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Орталық Азия университетінде республикалық «Дәстүр», «Тұран» баспаларынан «Дала Дарыны» атты сериямен жарық көрген Қазақстанның барлық облыстары мен Астана, Алматы  қалаларында тұратын жас ақындардың 15 жыр кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті.