- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1663
Құрметті оқырмандар!
Еліміздің алдағы өмір жолын айқындап, болашаққа деген сенімді арттыратын Елбасының жыл сайынғы Жолдауы халықтың рухын көтеріп, үлкен мақсаттарға жетелейді. Сондықтан миллиондаған қазақстандықтардың жүрегіне сенім мен үміт ұялататын басты құжатты халық жыл сайын асыға күтеді.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты биылғы Жолдауында қазақ мәдениетін өркендетуге, ұлттық ақпарат кеңістігін кеңейтуге бағытталған бірнеше міндеттер жүктелді. Осыған орай, облыстық кітапхана "Жалпы қазақстандық мәдениеттің дамуының жаңа
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 748
Құрметті оқырмандар мен әдебиет сүйер қауым!
Қазақтың аяулы ақыны,
Тұрсын Жұмаштың 55-жылдығына арналған
«Қырандар ғана ұшатын биік бар»
атты еске алу кешімізге
шақырамыз!!!
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 697
Құрметті оқырмандар!
Сүйікті қаламыздың 80 жылдық мерейтойына "Туған қаламыздың рәміздері" атты шығармашылық кеш кітапхананың мерейтойлық іс-шаралар легінің жалғасы.
Қарағанды қаласын өз өнеріне, шығармашылығына қосып тарихқа енгізген майталмандармен кездесіп, қаламыздың тарих беттерінен өнер туындыларынан қызықтап, тамашалағыңыз келсе, Сізді 27 ақпан күні біздің кітапханада күтеміз.
Өнер туралы әдебиеттер бөлімі Сіздерді өлкеміздің сурет, ән, сәулет сынды кемелеріне отырғызып, саяхатқа апарады.
Мерейтойлық кеш кітапханада
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1302
Қадім замандардан бері киелі кітапхана ордасы – адамзат өркениетін қалыптастырып, оны дамытудағы алтын діңгегі іспеттес. Бұлай деуіміздің себебі - әлемдік мәдениет пен әдебиет, ғылымның қай саласы болмасын адамзат игілігі үшін қызмет ететіні ақиқат. Ал, сол ғылымның негізгі қозғаушы күшін біз кітаптан табатындығымыз тағы шындық.
Осы бағытта Н.В.Гоголь атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада жұмыс жасайтын "Жыр-Жауһар"поэзия клубының ұйымдастыруымен "Жаңа ғасыр жырлайды" атты Республикалық жас ақындар антологиясы
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 2615
Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасының халыққа арнаған биылғы "Қазақстан жолы: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауы бойынша "Қазақстан 2050: дамудың жаңа стратегиясы" атты кітап көрмесі рәсімделді.
Кітап көрмесінің мақсаты – барлық қала жұртын, жалпы оқырмандарды, әсіресе жастарды жолдау міндеттерімен таныстыру.