Фильтр
"Табиғат - алтын бесік" - "День земли" - "Earth Day" балалар
шығармашылығының қолданбалы және қалалық көркемөнер көрмесі

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Американдық бұрышының бастамасымен "Жер күніне" орай №1 балалар көркемөнер мектебімен бірлескен "Табиғат - алтын бесік" - "День земли" - "Earth Day" атты балалар шығармашылығының қалалық көрмесі өткізіледі. Аталған іс-шара "Америкамен танысыңыз" бағдарламасы аясында және жыл сайын өтетін "Жер күні" мерекесіне орай өткізіледі. АҚШ-та бұл күнді 22 сәуірде атап өтеді. Дәл осы күні талдар отырғызылып, аймақты абаттандыру

...

Қарға тамыр Қазақ елі орыстың  бодандығын қабылдамас бұрын, ата-бабаларымыз әз Наурыз мерекесін өте биік деңгейде жыл сайын тойлайтын болған. Наурыз тойында аузы дуалы ақсақалдар жиылған халыққа бата береді екен. Берген баталарының әсерлілігі, шынайылығы соншалық, қол жайып отырған халық елжіреп жылап отырып, әумин деседі екен...

Омар Жәлел

Ұлттық мерекеміз Наурызды ұрпақ санасында қайта жаңғырту және оны жыл сайын дәстүрлі түрде мемлекеттік түрде тойлауды насихаттау мақсатында Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жұмыс жасайтын «Жыр-Жауһар»

...

Төрлет, Ұлыстың ұлы күні - әз-Наурыз!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңару мен жасару күні Сіздерге бақ-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін! Баршаңызға денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Мейірім  мен  шуағын төккен  молшылық пен ырыстың мерекесі  жүректеріңізді қуаныш пен жылылыққа толтырсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қарағанды қаласының 80 жылдық мерейтойына орай ақпан айының 27 жұлдызында "Туған қаламыздың рәміздері" атты шығармашылық кездесу кеші өтті.

Ұйымдастырылған кештің мақсаты – Қарағанды қаласының өнері мен мәдениетіне сүбелі үлес қосып жүрген өнер майталмандарының жетістіктері туралы ақпарат беру, туған қаламыздың мәдениетін насихаттау.