Фильтр

Биыл Бір ел – бір кітап республикалық акциясы бойынша  жаппай оқуға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы әдеби сыйлығының, "Тарлан" сыйлығының және  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ әдебиетіндегі Б.Майлиннен кейінгі қысқа әңгіме жазудың хас шебері, үлкен суреткер Сайын Мұратбековтың "Жусан исі" мен "Басында Үшқараның" шығармалары таңдалды.

4 сәуір күні жазушы, өлкетанушы, зерттеуші, С.Сейфуллин атындағы сыйлықтың иегері Кәмел Жүністегінің 75 жылдық мерейтойына арналған "Зерделі қаламгер" атты әдеби кездесу кеші өтті.

"Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ кітапханашылар қажет:

1.    Кітапханашылар:

  • Білімі -  кітапханашылық немесе филологиялық жоғары немесе орта білім;
  • кітапханашылық өтілі  -   еңбек өтілінсіз;
  • компьютерлік сауаттылық.

Түйіндемені мекен – жайға: 100000, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 44

Телефон/факс: (8-721-2)-56-76-55

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Құрметтi  оқырмандар !

Сiздердi 10 сәуір күні сағ. 11.00 –де Облыстық Н. В. Гоголь атындағы кітапханасының конференц залында өтетін "Ғасырдан ғасырға ұласқан өмірдің рухани әлемі" атты Қазақстанның мәдениет саласының 2014 жылғы мерейтойлық атаулы күндерге арналған кездесу кешіне шақырамыз!

Келіңіздер! Қапы қалмаңыздар!

Құрметті кітап сүйер оқырман қауым!

Сіздерді "Бір ел - бір кітап" республикалық акция аясында таңдалған Сайын Мұратбековтің "Жусан иісі" повесінен ағылшын тіліне ҮЗДІК АУДАРМА жасау байқауына қатысуғашақырамыз.

Сайын Мұратбековтің "Жусан иісі" повесінің байқауға арналған қазақ тілі мен орыс тілдеріндегі үзіндісін біздің кітапханамыздың karlib.kz сайтынан табуға болады.