- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 828
Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада 2014 жылы 16 мамыр күні сағат 19.30-да "Гоголевкадағы "Кітапхана түні" жастар Акциясы өтеді.
Ұйымдастырушылар:
- Қарағанды облысының мәдениет басқармасы
- Қарағанды ОӘҒК
Сіздердің назарларыңызға "Кітапхана түнінің" бағдарламасын ұсынамыз
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 874
Құрметті оқырмандар!
Ардақты кітап сүйер қауым!
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай "Әдебиет - өмір айнасы" атты кітап фестивальіне шақырамыз!!!
Фестивальда Қазақстан Жазушылар Одағының Қарағанды облыстық филиалының директоры, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, қазақтың адуынды ақыны Серік Ақсұңқарұлы мен Қарағанды облысының ақын-жазушылары қатысып, жас қаламгерлермен шеберлік сыныбы өткізіледі.
Фестиваль барысында "Бір ел – бір кітап" акциясының ашылуы өтеді. Сондай-ақ көрермендермен түрлі ойындар ойналып, күмбірлетіп күй тартылып, әуелетіп ән айтылып, нәзік лириканың исі аңқыған ұлттық рухтың тарпаң болмысы бойына ұйыған түрлі
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 680
Қымбатты көзі ашық, көкірегі ояу оқырман қауым! Сіздерді кітапхана қорындағы жаңа әдебиеттермен жақынырақ танысуға шақырамыз.
Оқы "Рухани қазына"!
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 3191
Құрметті оқырмандар!
Отан қорғаушы күні және Жеңіс күні құтты болсын!
Баршаңызды 9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!!!
Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, тарих төрінен орын алатын қасиетті мереке. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Бүгінгідей айтулы мереке күні бәріңізге зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз!
Еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын!
Мерекелік күндері кітапхана келесі тәртіпте жұмыс істейді:
- 7 мамыр (сейсенбі)
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 924
"Қазақша сөйлесейік" клубының кезекті отырысы Бір ел – бір кітап акциясын жүзеге асыруға арналды. Осыған дейінгі отырыста клуб жұмысын үйлестіруші тарапынан "Бір – ел – бір кітап" акциясының тарихына шолу жасалынып, үй тапсырмасына С.Мұратбековтың "Жусан исі" мен "Басында Үшқараның" повестерін оқу тапсырылған еді. Клуб мүшелері жаппай "Жусан исін" оқыған екен.
Повесті қазақ тілінде оқып бастаған клуб мүшелері өздерінің сөздік қорларын көптеген жаңа сөздермен толықтырды. Ал, орысша мәтінін оқығандар шығарманы өз сөздерімен қазақ тілінде мазмұндап берді. Талқылау барысында бір – біріне сұрақ қойып, шығарманың
...