Фильтр

Көктемнің алғашқы күні - 1 наурызда Қазақстан халқы алғыс айту күнін атап өтеді.

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды жаңа мереке «Алғыс айту күні» деп жариялаған еді.

«Алғыс айту күні»  - ұлттық бірлікті, қазақстандық патриотизмді және халықтың әлеуметтік оптимизмін нығайтуға, барша қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігін, достығы мен сүйіспеншілігін көрсетуге ықпал ететін күн.

2023 жыл - Түркі елдеріндегі Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланғаны белгілі. 21 ақпан күні ұлтының ұлылығын ұлықтаған, ақтық демі таусылғанша бар болмыс - бітімімен, пәк жүрегінің асыл сенімімен елі мен жерінің өркендеуіне баға жетпес қызмет атқарған ұлы тұлғалардың бірі де бірегейі - Темірбек Қараұлы Жүргенов. Есімі тек қазаққа ғана емес, иісі түркі жұртына мәлім, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, «Темір нарком» атанған мемлекет және қоғам қайраткері, қаламы қарымды сыншы, көсемсөз иесінің туғанына 125 жыл толады.

...

17 ақпан күні кітапханамызда «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасының деңгейін көтерген көркем сөз шебері, көрнекті жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Парасат майданы» кітабының бенефисі өтті.

Аталмыш шараның құрметті қонақтары Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Қарлығаш Мәуенқызы Хамзина,Тәттімбет атындағы өнер колледжінің Кітапхана ісі бөлімінің оқытушысы Мухамбетчина Қызылгүл Советқызы,

...

Дара талант иесі - Төлен Әбдік:библиографиялық жадынама/ Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Ж.С. Шохшина. – Қарағанды, 2023. – 11 б.

Оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи мәдени және рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық қатынасты дамыту мақсатында жыл сайын «Бір ел – бір кітап» акциясын жүзеге асырып келеді.

Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысында 2023 жылға қарымды қаламгер Төлен Әбдіктіңшығармаларын оқуғатаңдап алынды.

Танымал жазушы, белсенді қоғам қайраткері Төлен Әбдік қалың оқырмандарға да, әдеби ортаға да кеңінен

...

Қазіргі таңда Қазақстандық қоғам қоғамдық өмірді жаңғыртуға байланысты құндылықтар жүйесінің өзгеруін бастан кешуде. Елдердің халқы әртүрлі сипаттағы және деңгейдегі көші-қон ағындарына тартатын экономикалық, саяси, мәдени салалардағы жаһандану процестері белгілі бір қоғамдардың және тұтастай алғанда бүкіл қоғамдастықтың құрылымдық байланыстарының күрделенуіне әкеледі. Бұл факторлар белгілі бір дәрежеде этносаралық қақтығыстармен бірге жүретін ұлтаралық шиеленісті ынталандырады және осы негізде экстремизм мен терроризм

...