- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 741
- Астана...
- Бүгінде әлем халқы назарын тіккен қазақ халқының Ел Ордасы.
- Сағат сайын құлашын кең жайып, ажарлана түскен, күнмен таласып, көкжиекпен астасқан, сұлу да айбарлы шаһар.
- Талайларды арман қанатына отырғызып биіктерге самғатқан арман қала.
- Тағдыры талай талқыға түскен, 130 ұлт пен ұлыстың басын бір шаңырақ астында жинаған Қазақстан халқының үкіленген үміті, болашаққа деген сенімі
- Ғажайып ертегіні шындыққа айналдырып, Сарыарқа төсінен сарай салдыртқан елбасының ерен еңбегі.
- Жаңару мен жасампаздықтың, келісім мен тұрақтылықтың, әсемдік пен көркемдіктің
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 538
Құрметті әлеумет!
Бос уақытын мазмұнды өткізуді мақсұт еткен, білімін молайтып, ой көкжиегін кеңейткісі келген ойлы оқырманның баршасын «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы бойынша С. Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығына арналған "Таным көкжиегі" аттытанымдық сұрақ – жауап топтамасына қатысуға шақырамыз.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 789
Бұл күні ашық аспан аясында жиналған қауым керемет көңіл-күйге бөленді. Мәңгілік алау маңында безендірілген Жазғы оқу залы көпшіліктің назарын аудартпай қоймады. Түрлі-түсті шарлар, өлкетанулық және әдеби викториналарға арналған стендтер, үстел ойындары, оригами байқауы мерекенің ажарын аша түсті. Осындай керемет күннің тууына себепші әрине де КІТАП! Барлық жанрдағы, әртүрлі талғамдағы, әр жылғы басылымдағы әдебиеттер мен мерзімді басылымдар өз оқырмандарын тапты.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 831
2014 жылдың 19 маусымында сағат 12.00-де Қарағанды қаласының оқырмандарына арналған дәстүрлі Жазғы Оқу қаласы жобасы жұмыс жасауын бастайды.
Жазғы "Оқу қаласы" жобасының мақсаты – кітап оқуға деген қоғамның қызығушылығын ынталандыру, жастар мен ересектер қауымын кітап оқуға тарту, балалардың жаз мезгіліндегі бос уақыттарын ұйымдастыру. Жобаның ашылуы кітапхананы өз оқырманына жақындатуға, қала тұрғындарының кітап оқуына және демалуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Кез-келген адам жазғы оқу залының оқырманы бола алады. Жазғы оқу залының қорында оқырмандарымыздың және кітап дүкендерінің ұсынған көпшілік оқуға арналған мерзімдік басылымдары мен кітаптары бар.
Жазғы оқу залы 1 қыркүйекке дейін
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 630
Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ, оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға, кітапханаға тартуға бағытталған "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы биыл сегізінші рет ұйымдастырылуда.
Биылғы жылы Қазақстан жұртшылығы Сайын Мұратбековтің “Басында Үшқараның” және “Жусан иісі” әңгімелерін жаппай оқуда.
Сайын Мұратбеков – қазақ прозасында орны айқын, өз оқырманын көркемдік әлемімен баураған жазушының бірі.
...