Фильтр

Құрметті кітапхана оқырмандары мен төл әдебиетіміздің жанашырлары!

Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің туылғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылатын «Уақыт және қаламгер» атты әдеби кешке асығыңыздар!

Кешке Халықаралық "Алаш" сыйлығының иегері, ақын Абзал Бөкен, «Ғұмырымның көктемі» жыр жинағының авторы, Республикалық Н.Мәукенұлы, Бұқар жырау, Т.Айбергенов атындағы жыр мүшайраларының иегері, ақын Ілияс Мұқаев, сонымен қатар «Ханшайым» әңгімелер жинағының авторы ақын, жазушы Алмаз Мырзахметов,  ҚарМУ-дің магистрі, талантты жас қаламгер Әділ Жакулаев, жас алаштанушы Дулат Аманжолов  қатысады.

...

Өскелең ұрпақты кітап оқуға баулу мақсатында өткізілетін республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында «Жарасымнан жаралған жан еді» атты әдеби-сазды кеш  қазақ қара сөзінің хас шебері Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығына арналып өткізілді.

«Жусан иісі» повесін оқымаған адам биыл кемде-кем шығар?.. Осы повестің үзіндісімен шымылдығы ашылған кештен соң тағы бір қолға алып оқып шығу міндетке айналғандай.

30 қыркүйек күні "Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ..." атты дәстүрлі IV Қасым оқулары өтті.

ХАБАРЛАНДЫРУ

2014 жылдың 30 қыркүйек күні сағат 12.00-де Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Қасым ескерткіші орналасқан аллеяда (Сәкен даңғылының Кривогуз көшелері қиылысатын тұсында)«Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты дәстүрлі IV Қасым оқулары өтеді.

Қаламының қарымымен, бойындағы дарынымен ерекшеленетін өнерлі жастарды Қасым оқуына шақырамыз.

 КЕЛІҢІЗДЕР! ҚАТЫСЫҢЫЗДАР!

Құрметті оқырмандар мен төл әдебиетіміздің жанашырлары!

«Бір ел - бір кітап» акциясы аясында өтетін қазақ қара сөзінің хас шебері Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Жарасымнан жаралған жан еді» атты әдеби-сазды кешке асығыңыздар!

Кешке – жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Төрехан Майбас пен ұлағатты ұстаз, ақын, жазушы Дәулетхан Сұлтан, талантты жас жазушы «Мимырт» романының авторы Арман Әлмамбет пен Қарағанды Мемлекеттік Университетінің журналистика бөлімінің аға оқытушысы Ләззат Қожахметова және «Ханшайым» әңгімелер жинағының авторы ақын, жазушы Алмаз Мызахметов  қатысады.

...