Фильтр

6 қарашада кітапханамыздың 80 жылдық мерейтойына орай "Заманауи кітапхана: даму векторы" атты республикалық конференция жұмысын бастап кетті. Конференцияға ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры Асқар Әлібек, Новосибирск ОҒК директорының ғылыми және кітапханалық жұмысы бойынша орынбасары В.Г. Деев пенВ.Г. Белинский атындағы Свердловск облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты О.В.Мореваарнайы қатысып, баяндамалар жасады.Пленарлық мәжіліске қатысушылар "Гоголевканы" мерейтойымен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді.

...
Қадірлі оқырман!

2014 жылы 80 жылдық мерейтойын атап отырған біздің кітапхана өз оқырманына арнайы сый ретінде ерекше кездесу өткізгелі отыр. Тек Сіздер үшін кітапхана қабырғасында арнайы шақырылған сыйлы қонақпен өтетін ерекше кештің куәсі болыңыздар.

"Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсадым" атты кездесу кешінің арнайы қонағы – ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Әлібек Асылбайұлы Асқар.

Қазақ прозасындағы "Сафари" жанрының негізін қалаушы, кешегі Қалихан

...

Қабырғалы қаламгер, Қазақстанның Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов биыл тоқсан жаста.

Айтулы мерейтойға орай кітапханамызда  "Уақыт және қаламгер" атты әдеби-сазды кеш өтті.

Кештің мақсаты – жастарды  жазушы өмірі және  шығармашылығымен таныстыру, кітапқа деген қызығушылықтарын ояту, қаламгер  туындыларын насихаттау.  

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының

80 жылдық мерейтойына арналған

"Заманауи кітапхана: даму векторы"

атты Республикалық конференциясының

Бағдарламасы

2014 жыл, 5-6 қараша

Конференция бағдарламасын жүктеу

Ұйымдастырушылар:                                                           

  • Қарағанды облысының Әкімдігі                                             
  • Қарағанды облысының мәдениет,                                          
  • мұрағаттар және құжаттама басқармасы,                             
  • Н.В. Гоголь атындағы ҚОӘҒК

Серіктестер:

  • ҚР Ұлттық кітапханасы
  • ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы

Конференцияның мақсаты:

  • Аймақтық кітапхана
...

2014 жылы 16 қазан күні "Сұңқар Сәкен" атты "Өлкетану" клубының отырысы өтті.

Биыл қазақ халқының біртуар ұлы, ақын, жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 120 жыл толды.