- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1388
Өмірден ерте кеткен, жұртшылыққа қара Дәулет есімімен таныс Сәтібеков Дәулет Ырысбайұлына арналған "Қараша ғұмыр – қара өлең" атты еске алу кеші кітапханада 2014 жылы 9 желтоқсан күні өтті.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 853
Назар салыңыздар!
2014 жылдың 10 желтоқсаны күні кітапханада қаламыз үшін бірегей оқиға -– Поэтикалық батл өтеді.
Сөз өнерінің керемет тартысына куә болғыңыз келсе, 2014 жылдың 10желтоқсаны күні сағат 15.00-де қаламызда тұңғыш рет өткізілетін Поэтикалық батлға асығыңыз!
Қаламынан жыр кестесі төгілген, жүйрік ойлы, өнерлі де дарынды жастарды осы шараға белсенді қатысуға шақырамыз. Өлең оқумен қатар, шешендік өнеріңіз бен импровизациялық өнеріңізді көрсетуге осы жерде үлкен мүмкіндік туады.
Поэтикалық батлдың ережесімен танысып, поэзия жекпе-жегінің өтуіне өз үлесіңізді қосыңыз!
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 561
Құрметті кітапхана оқырмандары!
Өмірін өлеңмен өрген поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналған "Өлеңін аялаған өр ақын" атты әдеби-сазды кештен қапы қалмаңыздар!
Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына орай ұйымдастырылып отырған кешке Арқаның ардалы ақын жазушылары, облысымыздың мәдени, әдеби өмірінің дамуына айтулы үлес қосып жүрген азаматтары қадірлі қонақ ретінде шақырылмақ.
Кеш барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылығы турасында сөз қозғалып, өрелі өлеңдері оқылады.
Сондай-ақ, кеште "Жыр - Жауһар" поэзия
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 759
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 80-жылдық мерейтойы аясында оқырмандарына арнайы сый ретінде ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Асқар Әлібек Асылбайұлымен кездесу кешін ұйымдастырған болатын. Осыған орай, 2014 жылдың 6 қараша күні киелі кітап ордасына оқырман жастар ағылып келіп жатты. "Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсаймын" атты кездесу кешін Қазақстан жазушылар Одағының Қарағанды облыстық филиалының директоры, ақын, "Алаш" Халықаралық сыйлығының лауреаты Серік Ақсұңқарұлы
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1952
2012 жыл... Қазақ елі тағы бір мәрте әлем назарын өзіне аударды.
Тағы бір мәрте қуанышты хабардың куәгері болды.
Францияның Париж сияқты бас қаласында Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының кезекті сессиясында бас қосқан әлемнің 161 мемлекетінің 103-і өз дауыстарын санаулы жылдарда талай белестерді бағындырған ару қала Астанаға берді. Дүниежүзілік ауқымда беделі бар халықаралық мамандандырылған ЭКСПО көрмесін 2017 жылы "Болашақ энергиясы" тақырыбында өткізу құқы біздің елімізге бұйырды.