Фильтр
Құрметті оқырман қауым!

2015 жылы 30 қаңтарда сағат 17.00-де "Сарыарқа кітапханасы" сериясымен шыққан жергілікті қаламгерлеріміздің таңдаулы шығармалары енгізілген 100 томдық кітаптың тұсаукесері С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында өтеді.

Баршаңызды Қарағанды облысы әкімдігінің бастамасымен іске асқан "Сарыарқа кітапханасы" жобасының тұсаукесеріне шақырамыз.

Жаңа 2015 жыл деп аталар жаңа парақ ашылды. Осы ретте "Жыр-Жауһар" поэзия клубы да өз жұмысын бастады. Клуб құрамына жас өрендер келіп қосылуда. Жыл бойына көптеген қызықты кештер мен айтулы іс-шаралардың өткізілуі жоспарлануда.

Клуб жылдың алғашқы отырысын Қазақ әдебиетінің классигі, ақын Қадыр Мырза Әлінің 80-жылдығынаарналған "Ұлты мақтаған ұлы тұлға" атты әдеби  кешімен ашпақ.

Айтулы кеште Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Серік Ақсұңқарұлы мен Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың профессоры Қойлыбай Асановақынның азаматтық, ақындық,

...

Бабаларымыз "Аурудың алдын ал, жаудың алдын ал, қайта көтерілген даудың алдын ал" деген екен. Ғасыр дертіне айналған есірткі және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі бүгінде күн тәртібіндегі ең басты мәселелердің  бірі болып келеді. Жас жеткіншектердің осы бір індетке еліктеп, бой алдырмауына оқу орындарының біліммен қоса тәрбие  берудегі қосар үлесі орасан зор. Міне, осы мақсатта қаламыздағы Д. Қонаев атындағы колледжде кітапханамыздың  оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері "Мен өмірді

...

Атыраудың топырағы бұрқ етті сол күні. Қаралы күн еді. Қас-сақтың аспанында бұлт үйірілді. Қазақ әдебиетінің қабырғасы қайысты. Ел Фаризасынан айырылды.

...Тағдыр ғұмыр кештірмей малша маған,

Кемтар етпей,

Кенде етпей ар-санадан

Ғұмыр бітті.

Мен кешкен сәттің бірін,

Сезіне алмай өтеді қаншама адам", -

депті Фариза Оңғарсынова өзінің соңғы өлеңінде.

Осылайша фәниден бақиға аттана барды. Фариза кім еді? Оның ұлылығы неде? Осыны ескерген жөн шығар. Ұлылығы - Фаризаның Фаризалығында... Артында оны

...

2014 жылдың 10 желтоқсан күніҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімерекесі қарсаңында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында әуелсіздік белесі – ЭКСПО-2017"атты поэтикалық батл өткізілді.

Шараның мақсаты мен міндеттері: Тәуелсіз Қазақстан халқының қол жеткізген жетістіктерін дәріптеу арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру, жастар мен жеткіншектердің поэзияға  қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық дағдыларын жетілдіру, талантты жастарды ынталандыру.

...