Фильтр

Ерлік жасау ойында еш болмаған,

Бар білгені – елін жаудан қорғаған.

Сондықтан да әр қадамы жеңіс боп,

Отанына бейбітшілік орнаған.

Қорғанбек Аманжол

Жылдан-жылға тарих қойнауына еніп, алыстап бара жатқан Ұлы Отан соғысының сұрапыл күндері адамзат жадында мәңгілік өшпес іздерін қалдырды.

Отан үшін жанын пида еткен жауынгерлер рухына бас иіп, тағзым ету, ардагерлерімізді ардақтау – бүгінгі ұрпақтың ең басты парызы.

Құрметті оқырмандар, соғыс және тыл ардагерлері!

Біз Сіздерді 11 наурыз күні сағат 11.00-де Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдық мерекесіне арналған «Жеңіс жыры асқақтасын жаңғырып»

...

Биылғы жыл мерейтойларға толы жыл болып отыр. Елеулі мерейтойлар қатарында шертпе күйдің негізін қалаушы, композитор Тәттімбет Қазанғапұлынын 200 жылдығы да бар. Осыған орай, кітапханада ақпан айының 24 жұлдызында «Шертпе күйдің шебері» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

2014 жыл кітапхана тарихының беттерінде ерекше орын алды, себебі бұл жылы кітапхана 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл жылы кітапхана мерейтойына арналған іс-шаралар өткізіліп, кітапханашылар мен оқырмандар арасында кітапханаға арналған үздік слогандар, электрондық және баспа БАҚ арасында "Гоголевка" туралы үздік мақала"байқаулары ұйымдастырылды. Сирек және құнды кітаптар қоры бойынша "Мәңгілік байлық" атты буклет басылып шықты.

Кітапхананың 80 жылдығына арналған "Заманауи кітапхана: даму векторы" атты

...

2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы.

 Н.Ә. Назарбаев «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол»

Керей мен Жәнібек бастап туын көтерген Қазақ хандығының құрылғанына биыл  550 жыл толып отыр. Бүгінде төрткүл дүниеге танымал, сан ұлттың алтын шаңырағына айналып отырған Тәуелсіз Қазақ елінің тарихи бастау алған жылы елімізде биыл бірінші рет Республика көлемінде аталып өтеді. Мәні мен мағынасы зор тарихи датаны атап өту - өткенімізге, қазақ мемлекетінің 550 жылдық тарихына тағы да көз жіберіп, ұлт тағдыры жолында қаһармандықпен күрескен ұлы тұлғаларымыздың ұлы істерін

...

Тарихын білмей өскен ұрпақ тамырсыз өскен гүл сияқты. Соғыстан кейінгі кезең қазақ қоғамы үшін ауыр тиді. Сауаттылар сотталып, айыпсыздар жер аударылды. Тарих саласы да жұтаң халде еді. Осы кезде өзінің Отанға деген перзенттік борышын іспен дәлелдеген асыл азаматтың бірі һәм бірегейі – жазушы Ілияс Есенберлин. Ол тарихымызды көркем тілде сөйлеткен аса ірі қаламгер. Биыл жазушының 100 жылдығы "ЮНЕСКО"көлемінде тойланғалы отыр.

Осыған орай "Қазақ тарихының көркем шежірешісі" атты әдеби кеш Н.В. Гоголь

...