- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 670
Мың шыбық шаншып өсірсең -
Халқыңа орман салғаның.
Халқыңа орман салғаның -
Өзіңе қорған салғаның.
Халық даналығы
Бүкіл жер бетіндегі адамзатты қатты ойландыратын және кезек күттірмейтін мәселелердің бірі — табиғи ортаны қорғау, табиғатты тиімді пайдалану. Соңғы кезде қоршаған ортаның ластануы барынша көкейкесті мәселелерге айналып отыр, өйткені техникалық прогрестің және адамның ойланбай жасаған әрекетінің салдарынан өмір сүруге қажетті нәрселердің бәрі ластануда.
Экология – ол қоршаған орта, ал қоршаған орта дегеніміз – табиғат. Осыған орай, дүниежүзі халықтарының игі бастамаларының бірі - Жер Күні мерекесін атап өтуді дәстүрге айналдырғаны.
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 720
Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын атап өту - келешек жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, адамгершілік тәрбиені сіңіру үлкен маңызы бар шара. Осы мерейтой аясында кітапханада сұрапыл күндерде ел тыныштығына қалқан бола білген аға ұрпақтың ерлік даңқын паш ететін мазмұнды түрлі шаралар ұйымдастырылып, өткізіліп жатыр.
2015 жылдың 16 сәуір күні Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Н.Н. Асеев атындағы Курск облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы арасындағы мәдени ынтымақтастық келісім бойынша ұйымдастырылған
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 845
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында сәуір айының 14 күні Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған мәдени шаралар аясында Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен «Достық пен ұлтаралық келісім – мұратымыз» атты кездесу кеші өтті.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1154
2011 жылы Серік Аббас-Шах бастамасы мен жастардың қолдауы арқасында 15-сәуірді ғашықтардың төл мерекесі, яки "Қозы Көрпеш пен Баян сұлу" күні деп белгіледі. Бүгінде бұл күннің мереке санатына қосылып, жастардың сүйікті күніне айналғанына 4 жыл толмақ. Осы айтулы күнді жыл сайын тойланатын ұлттық мерекелер қатарына қосу, жастарды кітап оқуға баулу, әдебиетіміздің асыл нұсқаларын насихаттау мақсатында "Жыр-Жауһар" поэзия клубының жастарының ұйымдастыруымен 15-сәуір күні "Сезім деген – ең әуелі мөлдірлік" атты жұптар арасында сайыс өткізілді. Шараға алты оқу
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 688
Құрметті оқырмандар, кітапхана жанашырлары мен достар!
Кітапхана ұжымы Сіздерге керемет мүмкіндік сыйлайды.
23 сәуір Дүние жүзілік кітаптар күні мен авторлық құқықты қорғау күніне орай 20 сәуірден 26 сәуірге дейін "КЕШІРІМ АПТАЛЫҒЫ" акциясын жариялайды.
Сіздер тапсыруға ұмытып кеткен немесе басқа да себептермен уақытында тапсыра алмаған кітаптарыңызды ешқандай айыппұлсыз кітапханаға қайтара аласыздар. Кітапхана оқырманы ретінде әрі қарай да кітапхана қызметін пайдалана бересіздер.
Асығыңыздар! Уақыт шектеулі! Сіздердің құзырларыңызда тек қана 1 апта бар.
...