Фильтр

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы өткен ғасырда болғанымен, әлі де соғыстың белгісіз беттері зерттеліп келеді. Соның бірі Кеңес Одағының Батыры – Рахимов Сабыр Омарұлы туралы деректер.

Сабыр Рахимов ірі әскери қолбасшы, Орта Азиядан шыққан тұңғыш генерал-майор. Кеңестік заманда батырымыз өзбек ұлтының азаматы ретінде дәріптеліп келді. Уақыт өте келе қазақ жерінде туғандығы, оның ұлты өзбек емес, қазақ екендігі нақты дәлелденді.

Қайсарлық пен қаһармандықтың символы іспеттес келе жатқан Ұлы Жеңіске 70 жыл толу мерекесіне орай, Отан үшін от кешкен аға буын өкілдерінің жанкешті ерліктерін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында Сіздердің назарларыңызға "Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін!": Ұлы Отан соғысындағы Қарағанды, "Все для фронта, все для Победы!": Караганда в Великой Отечественной войне атты виртуалды кітап көрмесін ұсынамыз.

Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Ұлы Отан соғысы кезінде біздің жерлестеріміздің майданнан жазған хаттарын жинақтау жұмыстарын жүргізуде. Барлық материалдар "Майданнан хат келді" блогында ұсынылған.

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап пен авторлық құқық қорғау күні мерекесі екені көпшілікке мәлім. Оқырманды кітапқа жақындату, оқуға баулу сынды мақсаттарды алға қойған кітапхана әр жыл сайын осы күнді өз қабырғасында атап өтуді дәстүрге айналдырған.

Сәуір айының 28 күні сағат 15.00 де алаштың маңдайына біткен адуынды ақын, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының  Қарағанды облыстық филиалының директоры Серік Ақсұңқарұлының "Поэзия – ақынның алтын тағы" атты шеберлік сыныбы өтеді.