- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 532
Биылғы жылғы Кітапхана түнінің негізгі тақырыптары Жеңістің 70 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналады.
Акцияның мақсаты: кітап пен оқуды насихаттау және дәріптеу, жастарды кітап оқуға баулу, бос уақытын тиімді өткізудің жаңа үлгілерін ұйымдастыру.
Ұйымдастырушылар: Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы
Шараның өту мерзімі мен уақыты: 2015 жыл 15 мамыр, 20.00 - 24.00
"Гоголевкадағы" кітапхана түні - 2015"
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1743
КЕРЕМЕТ! "Гоголевкаға" Кітапханалық түн келді!
Құрметті оқырмандар!
2015 жылдың 15 мамырында Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ерекше оқырмандар үшін ерекше КІТАПХАНА ТҮНІ өтеді.
Осы түні сағат 20.00-ден 24.00-ге дейін арнайы СІЗДЕР үшін кітапхана қоры ашық және тек СІЗДЕР үшін ерекше мәдени бағдарламалар мен ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 791
Құрметті ата-аналар! Сіздерді "Оқырман балалар" атты фотобайқауға қатысуға шақырамыз.
Құрметті ата-аналар! Балаларды кітаппен достастырыңыздар! Балаларыңыздың кітап оқуын әдетке айналдырыңыздар, кітап оның ең адалда мейірімді серігіне айналуына жәрдем жасаңыздар. Балаларыңызбен бірге кітап оқи отырып, талдауға үйреніңіздер. Бір-бірлеріңізгеқуаныш сыйлаңыздар.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 494
Қымбатты Отандастар!
Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Адамзат тарихында өшпес із қалдырған сұрапыл соғыстың аяқталғанына биыл 70 жыл толып отыр. Бұл мереке халқымыздың мызғымас бірлігінің, беріктігі мен қайсар рухының мерекесі. Осынау мерекеде Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, шаттық тілейміз. Еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын!
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1711
Кітапханамыздың қорында Ұлы Отан соғысы кезінде қазақ тілінде шығып тұрған "Отанды қорғауда" газетінің 1941-1945 жылдары жарық көрген түпнұсқалары жинақталып, сандық нұсқаға келтіріліп, "Фирма КИІК" баспасынан 2008 жылы жеке кітап болып жарық көрген (Красноармейская газета Ленинградского фронта "Отанды қорғауда" за 1942-1945 гг. - Алматы : Фирма КИІК, 2008. - 647 с.) басылым бар.
1941 жылдың күзінде неміс басқыншылары Ленинград қаласына кіруге жанталаса шайқасқаны белгілі. Сол кезеңде қазақстандық жауынгерлердің, оның ішінде қазақ солдаттары мен
...