Фильтр

Кітапханамызда жұмыс жасайтын "Жыр-Жауһар" поэзия клубының мүшелері жас буынды әдебиетке, кітап оқуға қызықтыруды алға мақсат етіп қойған. Сондықтан осы мақсатта іс-шаралар жүргізіп, жастарды кітап арқылы тәрбиелеуге өз үлестерін қосып жүреді.

4 маусым күні "Жыр-Жауһар"поэзия клубының бір топ мүшелері №34 орта мектептің жазғы демалыс лагерінде болып қайтты. Қазақстан Республикасының рәміздері күні мерекесі мен алда келе жатқан Елордамыз Астана күніне орай "Бүлдіршін көзіндегі күлкі" тақырыбында бірқатар шаралар

...

Жастарды патриоттық бағытта тәрбиелеудің бір бағыты – елтанулық экскурсиялар жасау. Ұлан-байтақ қазақ елінің мәдени, тарихи жетістіктерімен таныстыру мақсатында республикамыздың заманауи білім беру ошақтарының бірі – Назарбаев Зияткерлік мектептерінде "Туған елге тағзым" патриоттық жобасы жүзеге асып келеді. Осы жоба аясында 1 маусым күні Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Өскемен, Талдықорған, Шымкент қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары өлкетанулық экспедициямен Қарағанды облысының рухани орталығы болып табылатын

...

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2015 жылдың 1-31 маусым күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті.

Көптен күткен жайдарлы жаз мезгілі де келіп жетті. Жаз мезгілінде кітапханаларда әрқашан да тыныштық орнайды, бірақ бұл бізге қатысты емес. Себебі, біздің кітапханашылар оқырмандарды өзі іздеп табады. Маусым айында Жазғы Оқу қаласы өз жұмысын бастайды.

2015 жылы 26 мамыр күні кітапханада «Ұрпаққа аманат, болашаққа сабақ» атты Өлкетану клубының отырысы өтті.

Қалыптасқан дәстүр бойынша 15 мамыр күні 20.00-де Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана оқырман қауымды есігін айқара ашып, қонақжай қарсы алды.

Кітапхана алаңында Н.В. Гоголь және бір топ ертегі кейіпкерлері көпшілікке, әсіресе бүлдіршіндерге керемет көңіл-күй сыйлады. Ұлттық костюмдер мен әскери форма киген кітапханашылар тобының қолдарына кітап алып билеген флеш-мобы мерекелік кештің рухын көтерді.