Фильтр

"Сабақты ине сәтімен" деген емес пе? Қырымның әсем сұлу табиғаты, саф ауасы, көгiлдiр тауларын көру кім-кімге болса да арман екені ақиқат. Жуырда Қырымға барып, кереметін тамашалап, кәсіби деңгейімді көтеріп қайту бақытына ие болдым.

Маусым айының 8-12 күндері аралығында Қырымның тарихы антикалық кезеңнен басталатын Судак қаласында Дүниежүзі кітапханашыларының ХХІІ халықаралық конференциясы өтті.

Құрметті балақайлар!

Жазда уақыттарыңды босқа өткізбеңдер! Жаз – кітап арқылы ғажайыптар еліне саяхат жасайтын және ерекше көңіл-күй сыйлайтын уақыт.

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы әр жастағы балаларды бос уақытын қызықты да пайдалы өткізуге шақырады.

 

17 маусым күніқала қонақтары мен тұрғындары қоғамымыздың қауіпті дерті – нашақорлыққа қарсы акцияның куәсі болды.

Н.В. Гоголь атындағы Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған орталықтағы Кеншілер Мәдениет сарайының алдында "Қарағанды нашақорлыққа қарсы"  атты жастар акциясының өтуіне Облыстық Ішкі Істер Департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, "Сау ұрпақ" қоғамдық бірлестігі", мемлекеттік емес "Детство" мекемесі, "Вектор Инфорум" қоғамдық журналы, облыстық наркологиялық диспансер қолдау көрсетті. Елді тәнті еткен сұлу мүсінді гимнастика мектебінің акробаттары мен

...

Құрметті Қарағандылықтар!

БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1987 жылдан бастап 26-маусым – нашақорлық және заңсыз есірткі саудасына қарсы Халықаралық күрес күні ретінде аталып өтуде. Осыған орай, Облыстық Ішкі Істер Департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, "Сау ұрпақ" қоғамдық бірлестігі, "Вектор Инфорум" жастар журналы, "Тори" черлидинг тобы және Олимпиядалық резервтегі спорт мектебі мекемелерінің қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы "Қарағанды нашақорлыққа қарсы" атты антинаркотикалық жастар акциясын

...

Құрметті оқырмандар!

2015 жылы 10 маусымда сағат 11.00-де Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған "Ортақ жеңіс!" "Одна победа!" "Оnevictory!" атты фотокөрменің ашылуы өтеді.

Көрме Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.